Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 29 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026

      Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

      26.05.2026

      Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шымкенттегі су мекемесіне қандай қауіп төніп тұр

    Шымкенттегі су мекемесіне қандай қауіп төніп тұр

    Басты тақырып 19.11.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шымкент қаласын сумен қамтып отырған табысты кәсіпорын — “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС. 25 жылдық тарихы бар маңызды компания басшылары мекемеге қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    Ірі кәсіпорын 1000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Табысты мекеменің басшылығы “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС-ін Шымкент әкімдігі тартып алмақшы деген ақпарат таратуда. Оның айтуынша, соңғы 1 жылда қала әкімі “стратегиялық нысан” деген желеумен кәсіпорынға қысым көрсетіп келеді. Тіпті, мекемеге заңсыз тексерулер жиілеген. Президент қолынан “Алтын сапа” сыйлығын алған кәсіпкер Анарбек Орман Шымкент қаласының әкімдігі қудалауды тоқтатар емес дейді.

    Баспасөз мәслихаты

    “Бұл жерде әкімнің мүддесі ғана бар. Осы әкімге дейін мұндай проблема болған емес. 26 жыл болды істеп жатқанымызға. Осы әкім келді де, “мемлекетке қайтарам” деді. Содан бері бір жылға жақындады. Қандай заңға сүйеніп қайтарасыз деп сұрадым. Ол “стратегиялық нысан” дейді. Мен “стратегиялық нысан” ретінде мекеме 1998 жылы құрылғанын айттым”, — дейді “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС құрылтайшысы Анарбек Орман.

    Шымкент әкімдігі компанияны үш рет сотқа беріп, үш рет те де арызын қайтарып алған. Бір миллионнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтып отырған мекеме жайында Үкіметтегі жауаптылар оң пікірде.

    “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС-на тиесілі тазарту орталығы

    Есеп-қисабы дұрыс, табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын түрлі инвестициялық жобалар арқылы Польшаның, Ұлыбританияның озық технологияларын қолданысқа енгізіп, тозығы жеткен желілер мен құрылғыларды ауыстырып үлгерген. Мысалы, қаладағы 1900 шақырым су құбырының 110 шақырымын жаңалаған. Ал 2023 жылға дейін мекеме мемлекетке 16 млрд теңге салық төлеген. Биыл 2,2 млрд теңге бюджетке салық ретінде құймақшы. Ал қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өткен айда мәслихат сессиясында кәсіпорынды мемлекет меншігіне алдағы уақытта қайтаратынын мәлімдеген.

    “Ашығын айтқанда, кәсіпорын бөлінген қаржыны мақсатсыз пайдаланып келді. Тексеру жұмыстары басталған бетте құбырларды ауыстырып, іске кірісіп кетті. Қазір тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесі дайын болғанда халыққа жариялаймыз. Кәсіпорын мемлекетке қайтарылады. Оны Орман мырза да түсінеді деп ойлаймын”, — деді Ғабит Сыздықбеков.

    Алайда кәсіпорын басшылығы тағылған айыптармен мүлде келіспейді. Оның айтуынша, қала әкімдігі “Су ресурстары-Маркетинг” серіктестігіне құбыр жаңарту, қайта құруға 26 жыл бойы ешқандай қаржы бөлмеген. Мемлекет берген субсидияларға қатысты тиісті орындар тексеру жүргізіп жатыр.

    Анарбек Орман мырза ұсынған құжаттарға сәйкес кәсіпорын бірнеше көрсеткішпен тиімді еңбек етіп жатқаны байқалады.

    1. Шымкентте су қолданушы барлық абонентте қашықтан басқарылатын есептегіш құралдар орнатылған. Олардың жалпы саны — 258481.
    2. 463 шақырым кәріз құбырының 100 шақырымы қайта жаңарған
    3. Қайта құру жұмыстарынан кейін желіде су үнемдеу 58%-дан 5%-ға төмендеген.
    4. 1 адамға тәуліктік су тұтыну 456 литрден 125 литрге азайған. Нәтижесінде 25 жылда 71,2 млрд теңге қаржы үнемделген.
    5. Шымкент қаласында тұрғындарды сумен қамту 100%.
    6. Құрылғылар мен жабдықтарды жаңарту нәтидесінде электр қуатын үнемдеу 97640 мың квт.тан 11648 мың квт.қа төмендеген.
    7. Мекемеде үлесі бар әкімдікке 2023 жылы 229 млн теңге дивиденд төленген.
    8. Кәріз суларын тазарту орталығы қоршаған ортаға зиянсыз, тиімді жұмыс істеуде. “Астана су” мекемесі Шымкент тәжірибесін қолдануға ниетті.

    Анарбек Орман мырза оң нәтижелер мен жетістіктер бұдан да көп дейді. Елдегі озық үлгіде тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын ары қарай да Шымкент халқының игілігі үшін қызметін тоқтатпаса екен деп тілейді құрылтайшылар.

    Анарбек Орман су су жүйесі Су ресурстары-Маркетинг Шымкент

    Оқылып жатыр

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Құрбан айт күні ХҚКО жабық болады

    26.05.2026

    Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.