Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 26 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Тараз» ӘКК қызметінің бес стратегиялық бағытын іске асыру жайы талқыланды

    «Тараз» ӘКК қызметінің бес стратегиялық бағытын іске асыру жайы талқыланды

    Өңір тынысы 05.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы әкімдігінде өткен жиында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің бес стратегиялық бағытын іске асыру жайы талқыланды. «Тараз» ӘКК-нің жаңадан тағайындалған төрағасы Олжас Қаржауов өз баяндамасында ағымдағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.

    Бірінші бағыт – лизинг және несие арқылы техника сатып алу үшін корпорация 107 кәсіпкермен жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін олар жалпы құны 2,4 миллиард теңгеге арнайы техника сатып алған десек, мерзімі өткен берешектің мөлшері 182,8 миллион теңгені құрап отыр. Дегенмен, борыштарды өтеу жұмыстары қазірдің өзінде нәтижесін беруде. Атап айтсақ, алғашқы кезеңнің өзінде 15 миллион теңге төленген.

    Баяндамашы ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдеріне лизинг алушылардың мәселелерін бірлесіп шешуді, қызылша өсіретін шаруашылықтарды агро сүйемелдеуді қамтамасыз етуді ұсынды.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімдері мен салалық ведомствоға бұл мәселелерді назарда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қарызды бірінші кезекте өтеу керектігін баса айтты.

    Екінші бағыт бойынша 19 жобаны инвестициялауға 4,4 миллард теңге бөлінген. Олардың қатарында «Бурное Солар-1» ЖШС, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС, «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС және басқа да жобалар бар. Дегенмен проблемалық жобалар да жоқ емес. Нақтырақ айтсақ, «Мерке Финанс Кредит» ЖШС, «Аgrostan» ЖШС, «Фабрика ПОШ» ЖШС және басқа да кәсіпорындардың қарызы үш миллиард теңгеден асады.

    – «Тараз» ӘКК бөлген ақша – бұл мемлекеттік бюджеттен қаралатын қаражат. Мемлекет қаржысын ысырап етуге жол берілмейді. Борышкерлермен жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек. Олар қарызды толығымен және қысқа мерзімде өтеуі тиіс, – деді өңір басшысы.

    Келесі бағыт бойынша бағаны тұрақтандыру үшін «Егістік алқабынан дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасы әзірленуде.

    Ол негізінен жемістер мен көкөністерді аз мөлшерде өндірумен айналысатын ауыл тұрғындарын қолдауға бағытталған. Жоба фермерлерге өсірілген дақылдарды делдалсыз сатуға және супермаркеттермен тікелей келісім жасасуға көмектесетін кооперативті желіні дамытуды көздейді.

    «Фиркан» және «Вкусная Корзинка» сауда желілерінің өкілдері супермаркеттердің пилоттық жобаға қатысуға дайын екендігін жеткізді.

    – Шаруа қожалықтары мен бөлшек сауда желілері арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында өнімдер арзан бағаға сатылмақ. Супермаркеттерге тауарларды жергілікті атқарушы органдар белгілеген бағамен сатуды сұранамыз, – деді Бердібек Сапарбаев.

    11 ауылдық округте ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырған кезде айтарлықтай кедергілер байқалмады. Олжас Қаржауов тек аудан әкімдерінен елді мекендердің сыртындағы ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануды сұрады.

    Сондай-ақ баяндамашы «Тараз» ӘКК ауыл шаруашылық техникаларын көбейту, сүт зауыттарының қуаттылығын арттыру, жеміс-жидек кластерін дамыту, картоп өсіру, ара және балық шаруашылығы, жаңартылған энергия көздерін дамыту, әлеуметтік тұрғын үй салу бойынша бірнеше ірі жобаларды әзірлеп жатқандығын жеткізді.

    Өңір басшысы барлық жобаларды қолдайтынын, әсіресе ара шаруашылығы мен сүтті қайта өңдеу бойынша жобаларды айрықша атап өтті.

    – Шығыс Қазақстан облысында бір уақыт 1-сынып оқушыларына 15 грамм бал мен 200 грамм сүт тегін беріледі. Мұның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін бәріміз түсінеміз. Сол сияқты біздің өңірде балаларды бал және сүтпен тегін тамақтандыруға барлық жағдай жеткілікті. Осыны жасайтын болақ, балаларымыздің дені сау болып өсер еді. Бала кезінен бал мен сүт ішіп үйренген Жапония тұрғындарының тәжірибесі – осының дәлелі, – деді облыс әкімі.

    Жиында шаруа қожалық өкілдері де өз ойларын ортаға салды.

    «Ақ Бидай» шаруа қожалығының төрағасы Нариман Қалқабаев жаңбырлатып суару жүйесін енгізуге және арнайы техникалар сатып алуға көмектесуін сұрады. Бердібек Сапарбаев бұл мәселелердің міндетті түрде қаралатынына уәде берді.

    «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация инвесторларды тартуға және өңірдің даму нүктелері бойынша жаңа өндірістер құруға күш салуы керек, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет, – деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.