Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз кәсіпорындары сегіз айда 184 миллиард теңгенің өнімін өндірген

    Тараз кәсіпорындары сегіз айда 184 миллиард теңгенің өнімін өндірген

    Өңір тынысы 30/09/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2018 жылы – 154 миллиард 68,5 миллион теңге), физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Өткен жылмен салыстырғанда 29 миллиард 929,9 миллион теңгеге артық өнім өндірілген.

    Халықтың жан басына шаққандағы (357,9 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 432,4 мың теңге).

    Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: өңдеу өнеркәсібінде 149 миллиард 830,8 миллион теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9 пайыз құрады (2018 жылы  – 117 547,1 миллион теңге); кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 95,5 пайыз құрады (2018 жылы – 525,0 миллион теңге). Оның себебі «Жамбылгипс» АҚ-ы гипс өнімін 26,1 пайызға  төмендеткеннен болып отыр; электрмен жабдықтау, газ беру саласында 31 миллиард 832,4 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 101,5 пайыз (2018 жылы – 34 421,5 миллион теңге); сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1 миллиард 912,3 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 115,6 пайызды құрады (2018 жылы – 1 574,8 миллион теңге).

    Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 миллиард 931,8 миллион теңгенің өнімдерін өндірген (2018 жылы – 70 774,6 миллион теңге) немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 миллиард 157,2 миллион теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады (2018 жылы – 45,7 пайыз).

    Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 миллион 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп (2018 жылы – 807,1 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ: майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген, фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.

    Тамақ өнеркәсібі саласындағы «Орта азиялық қант корпорациясы»  АҚ-ы – есепті кезеңде 22 миллиард 890,1 миллион теңгеге (2018 жылы – 12 034,3миллион теңге) 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5 пайызға өсіп отыр (2018 жылы – 79,9 мың тонна).

    Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8 пайыз немесе 4 миллиард 776,1 миллион теңгені құрады (2018 жылы –22,6 пайыз немесе 6 миллиард 098,5 миллион теңге). Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8 пайыз немесе 1 миллиард 405,6 миллион теңгені құрады (2018 жылы – 19,8 пайыз немесе 1 568,9 миллион теңге).

    2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық — инновациялық даму  Мемлекеттік   бағдарламасы  аясында,  жалпы құны 35 миллиард 479,6 миллион теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

    Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 миллиард 124,5 миллион теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

    өндіріс Тараз

    Оқылып жатыр

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Сәтбаев университетінде идеяны өнімге айналдыратын жаңа инженерлік орталық ашылды

    04/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.