Close Menu
    Оқылып жатыр

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 7 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025

      Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

      06.11.2025

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда 11 құрылыс сапасын бақылау тобы құрылды

    Таразда 11 құрылыс сапасын бақылау тобы құрылды

    Өңір тынысы 05.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімдігінде кеңес өткізіп, онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысы және жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жауапты бақылау міндеті қаланың әр аудандарында құрылған 11 мобильді топқа жүктелген. Олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен басқа, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері енді. Облыс әкімі топқа экологтарды да қосуды ұсынды. Сонымен қатар, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын тексеру тапсырылды.

    Жалпы, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жалпы құны 17 миллиард теңгеге болатын 94 жоба жоспарланған. 405 тұрақты және 5666 уақытша жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта барлық нысандарда жұмыстар басталған. Қалалық каналдар мен арықтарды тазартуға 178,6 млн.теңге, 43 аялдаманы жөндеуге 32,3 млн.теңге бөлінген. Сонымен қатар, 25 жаңа аялдама салынады.

    Құрылысы ұзаққа созылған 35 нысаны бойынша 10 меншік иесімен меморандумдарға қол қойылып, жұмысты аяқтау кестелері әзірленген. Қазыбек би көшесінің бойында заңсыз орналастырылған бес дүңгіршек жойылған десек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

    «Жіберілген қателіктерді ескеріп, саябақтар мен алаңдардың, жаңа ғимараттардың қасбеттерінің жай-күйіне назар аударып, сыртқы жарнаманы ретке келтіру керек», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жорабек Баубеков жобаларды жүзеге асыруға халықтың қай санаттары қатысатындығы туралы қысқаша баяндады. Атап айтқанда, 2,8 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жамбылдықтар жұмысқа орналаспақ. Бұл орайда қала әкімдігі жұмыс күшінің кем дегенде 50 пайызын жұмыспен қамту орталықтары арқылы тарту, жеткізушілердің кем дегенде 90 пайызы отандық компаниялар болуы, ал жалақы 85 мың теңгеден кем болмауы тиістігіне қатысты талаптарға ден қою керек.

    — Жергілікті құрылыс материалдарын өндірушілерді көрсете отырып, әрбір нысанның паспорты әзірленді. Солардан сатып алуды жүзеге асыру қажет. Біздің міндетіміз – жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін арттыру, — деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынының әлсіздігіне, гранттар мен шағын несиелер берілу барысына көңілі толмайтындығын жеткізді. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздықты азайтуға өз септігін тигізбек.

    Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров 2018-2019 жылдары 18,6 шақырым жылу магистральдары ауыстырылғанын, алайда барлық мердігерлер өз міндеттемелерін толық көлемде орындамағанын ашып айтты. Бұл Тараздың орталық көшелері – Абай, Қойгелді, Көшеней көшелерінде жол жабындысын қалпына келтірмеген мердігер ұйымға қатысты.Қазір жосықсыз құрылысшылар айыппұлға тартылып, сот ісі басталды.

    Сондай-ақ, мердігерлер есебінен Сыпатай батыр, Мирзоян, Қазыбек би, Дулати және Комратова көшелеріндегі жекелеген аумақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

    Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешов 2017 жылы бекітілген абаттандыру ережелерінің бұзылуына назар аудартты. ШОБ кәсіпорындары іргелес аумақтарын тазартумен айналыспайды, өз нысандарының сыртқы көрінісіне мән бермейді. Кәсіпкерлердің төрттен бір бөлігі ғана сыртқы жарнамаға салық төлеп отыр.

    — Бізге бірыңғай ереже керек. Іс жүзінде Тараз көшелерінің көркін ашпайтын жарнамалық белгілердің ретсіз орналасуын көріп отырмыз. Шағын аудандардың бәрі сұр түсті, бір-бірінен аймайтын үйлер. Облыс орталығының қазіргі заманғы өз дизайн-коды жоқ. Қала тұрғындарының жайлы және әдемі отбасылық демалыс орындары болғаны дұрыс.

    Егер біз Тараздың ірі туристік орталыққа айналуын қаласақ, құрылыстарды сапалы және ерекше тұрғыда салғанымыз абзал. Сондықтан әкімдіктер сәулетшілермен тығыз жұмыс жасауы керек, тың идеяларды қолданудан қашпауы керек.

    Бөлшек сауда нысандарының ретсіз құрылысын тоқтату керек. Жергілікті билік әрдайым шағын және орта бизнесті дамытуға қол ұшын береді, алайда ешкімнің заң бұзуына жол берілмейді.

    Барлық көшелерді бірден жарықтандыруға бюджет мүмкіншілігі жеткіліксіз. Бұл орайдағы жұмыстар біртіндеп орындалады.

    Жұмыс топтарының құрамын тағы да бір саралаңыздар. Олар салынып жатқан нысандардың сапасын арттыру, құрылыс нормалары мен мақұлданған жобалардың бұзылуының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуі тиіс. Біз мұндай кездесулерді ай сайын өткізіп отыратын боламыз, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев кездесу соңында.

    бақылау жұмыс тобы құрылыс сапа Тараз

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.