Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 10 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

      10.04.2026

      Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

      10.04.2026

      “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

      10.04.2026

      Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

      10.04.2026

      Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

      10.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздағы Жеңіс саябағы

    Тараздағы Жеңіс саябағы

    Фотобанк 26.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен «Жеңіс саябағы» ерекше күйге енді. Қысқа мерзім ішінде демалыс бағының көнерген келбеті, атына заты сай саябаққа айналды

    «Ерлік» мемориалдық кешенінің құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған болатын. Жұмыскерлердің, жалпы осы құрылысқа қатысты адамдардың бәрінінің күндіз-түні еңбектенуінің нәтижесінде саябақтың келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді.

    Айта кетерлігі, мемориалды кешеннің ортасына облыстық драма театрдың бір шетінде тұрған Бауыржан Момышұлының ескерткіші әкелініп, тас тұғырға орналастырылды. Ал ескерткіш алдынан «Мәңгілік алау» орын тапты.

    Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеңес Одағы Батырының есімдері жазылған арнайы тақтайшалар бой көтеріп, олар жеке-жеке тұғырға орнатылып, тұғырдың орта тұсына көзсіз ерлік көрсеткен жауынгерлердің кеудесіне тағылған «Алтын жұлдыз» медальдарының ұлғайтылған көшірмелері ілінді.

    «Батырлар аллеясынан» аса берген тұста кірпіштен өріліп, гранитпен қапталған 6 қабырға қаланды. Бұл – «Даңқ аллеясы».

    Айта кетерлігі, кешеннің екі бас қақпасының биіктігі 8 метр, ені 13 метрлік мәрмәр, травертин тастарынан қаланды. Онда күзет сақшыларының мүсіні қойылды.

    Алдағы уақытта саябақ аумағында соғыс, тыл ардагерлеріне арналған «Даңқ залы» бой көтермек. Интернационалист жауынгерлерге арналған мемориал да орнатылады. Ауған соғысы, Семей ядролық сынақтары және Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткіштер қойылмақ.

    Құрылыс жұмыстарынан бөлек, мұндағы ретсіз өскен тал-дарақ кесіліп, ағаштар бұталған. 15 мың шаршы метрді құрайтын аумаққа құйматас төселіп, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар саябақты жағалай өтетін «Үшбұлақ» каналының бойында тазарту жұмыстары жүруде. Болашақта жағалауда демалушылар үшін жағажай жасалып, веложолдармен жабдықталмақ.

    Еске сала кетейік, ел тағдыры, жер тағдыры сын сағатта түскен кезде 400 мыңдай халқы бар бір ғана Жамбыл облысының өзінен майданға 100 мыңнан аса адам аттанған болатын.

    Қайсар мінезді жерлестеріміз батырлық пен елжандылықтың жоғары үлгісін көрсетті. 39 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры атанса, 9 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

    Тараз

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда алты ай бойы инфляция деңгейі төмендеп келеді

    08.04.2026

    Таразда 5-қабаттан секіріп кеткен ер адам көз жұмды

    08.04.2026

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026

    Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

    10.04.2026

    Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

    10.04.2026

    Алматы облысында сегіз адам 15 жастағы жетім қызды зорлаған

    10.04.2026

    Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып ала ма?

    10.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.