Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Бейсенбі, 19 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздағы зорлық ісінен кейін ел мектептерінде қандай өзгерістер болады?

    Тараздағы зорлық ісінен кейін ел мектептерінде қандай өзгерістер болады?

    Өңір тынысы 21.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараздағы мектеп оқушысын зорлау ісінен кейін Білім және ғылым министрлігі облыстық білім басқармаларына тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Бүгін облыстардың білім басқармалары басшыларының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өткен кеңесте мынадай тапсырмалар жүктелген:

    Біріншіден, нормативтік талаптарға сәйкес келетін бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Бұл міндет бойынша балалардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде штаттан тыс жағдайларда уақытылы әрекет ету үшін бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер белгілеу міндеттелді.

    Екіншіден, барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына шығару мәселесін көтеру. Үшіншіден, мектептер мен балабақшалар аумағында өткізу пунктімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Білім беру ұйымдарының жарғыларында бөгде адамдардың, оның ішінде балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің, олардың жақындары мен туыстарының болу тәртібін қарастыру, осы мәселелерді білім беру ұйымдарының ата-аналар және қамқоршылық кеңестерімен талқылау қажет. 

    Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аумағын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес барлық шеңбер бойынша қоршаумен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. 

    Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі міндетті талаптарға жауап беретін білім беру ұйымдарының ғимараттарында жылы дәретханаларды жабдықтау үшін жоспарды бекіту және қаражат бөлу керектігін атап өтті. 

    Облыс орталықтарының, қалалық және басқа да ірі білім беру ұйымдарының жағдайында білім беру ұйымдарында арнайы күзет қызметіне рұқсат бере отырып, олардың жұмысын үйлестіруді ескеру міндетті. Бұл — алтыншы мәселе. 

    Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

    Артынша бұл жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды. Ал бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды. 

    зорлық мектеп Тараз

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.