Close Menu
    Оқылып жатыр

    Туристерге маңызды ескерту: хантавирус қаупі

    19.05.2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 19 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Туристерге маңызды ескерту: хантавирус қаупі

      19.05.2026

      Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

      19.05.2026

      Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

      18.05.2026

      Алматы облысында полицей өз әйелін қағып өлтірді

      18.05.2026

      Қазақстандағы көмір қоры қанша жылға жетеді?

      18.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоқаев халықты не мазалайтынын айтты

    Тоқаев халықты не мазалайтынын айтты

    Ел іші 12.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты не мазалайтынын айтты.

    Ол 2019 жылдың 13 мамырында жалпыхалықтық акция басталғанын еске салды. Президент оған атсалысқандардың барлығына алғыс айтты.

    «Акцияның басты мақсаты ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. 540 мыңға жуық ұсыныс-тілектер келді. Бірге акцияға қатысып, азаматтық белсенділік көрсеткен халыққа шын жүректен алғыс білдіремін», — деді Президент.

    Ол мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуі жайлы сөз қозғады.

    «Біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз. Бүкіл халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділеттік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап, мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді», — дейді Тоқаев.

    Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандықтарды не мазалайтынын айтты.

    «Халықты толғандырып отырған басты мәселе — табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық — қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік, экономикалық және  саяси мәселені шешу, ортақ мерзімді кешенді шаралар  қабылдау қажет. Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі — көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет», — деді Мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі таза ауыз су мәселесін айтып өтті.

    «Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа экологиялық кодекс қабылдау керек. Келесі өзекті мәселе — халықты сумен қамтамасыз ету. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасыда болуы міндет. Тағы бір халықты мазалайтын маңызды мәселе — бұл жолдардың сапасы. Сол себепті автожолдардың жағдайын жақсарту — біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі», — деді Тоқаев.

    Айта кетейік, салтанатты іс-шараға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Сондай-ақ шарада Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғары сот судьялары, министрлер мен шетелден келген елшілер болды.

    Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс.

    Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Туристерге маңызды ескерту: хантавирус қаупі

    19.05.2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18.05.2026

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Алматы облысында полицей өз әйелін қағып өлтірді

    18.05.2026

    Қазақстандағы көмір қоры қанша жылға жетеді?

    18.05.2026

    Украина президентінің жұбайына қылмыстық іс қозғалуы мүмкін — БАҚ

    18.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.