Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.
Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.