Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоқаев Путин мен Назарбаевтың кездесуіне қатысты пікір білдірді

    Тоқаев Путин мен Назарбаевтың кездесуіне қатысты пікір білдірді

    Басты тақырып 05.01.2026
    Михаил Метцель / ТАСС
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    — Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен тағы да кездесті. Кремльге қарасты ақпарат құралдары бұл жайында кеңінен мәлімет таратты. Кездесу туралы көптеген пікір айтылып, өсек-аяң өрбіді. Тіпті, Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалыпты, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шықты. Сіз былтырғы сұхбатыңызда Тұңғыш президент партияның ірі қайраткері ретінде көп уақытын өткізген Мәскеуді сағынатын болар, сондықтан ол жаққа жиі барады деп түсіндірген едіңіз. Дегенмен, көптеген азамат сіздің осындай саммиттерге шынайы көзқарасыңызды білгісі келеді.

    – Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді.

    Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қарбалас болса да, сенбі күні Қазақстанның Тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Ресей бұл үдерісте жетекші рөл атқарып отыр. Кремльдегі кездесу Владимир Путиннің адамгершілігі жоғары екенін көрсетеді.

    Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын.

    Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым. Оның мемлекеттік институттарды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сондықтан, ешкімді алаламай, әр азаматтың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты.

    – Ал билік транзиті туралы не айтасыз?

    – Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар.

    Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев

    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.