Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 2 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

      30.04.2026

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Түркістан облысында 30 елді мекенге газ берілді

    Түркістан облысында 30 елді мекенге газ берілді

    Ел іші 11.06.2019
    Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айларында облыстағы 34 847 тұрғыны бар 30 елді мекен газ жүйесіне қосылды.

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу барысында бес әлеуметтік бастаманың бесіншісі — Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру Түркістан облысында қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргізілді.

    Осыған байланысты облыстағы барлық аудан әкімдері тұрғындармен әр үйді газға қосу жұмыстары бойынша ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қала, аудан әкімдері және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ӨФ бірлесіп, Түркістан облысындағы газ жеткізуші және газ таратушы жүйелерінің құрылысы жүргізілген елді мекендерді бюджет қаржысы есебінен газға қосу жұмыстарын атқаруда.

    Басқарма тарапынан әр елді мекендегі тұтынушының газға қосылуына апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Қалған елді мекендерді газға қосу Түркістан облысының кешенді даму іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.

     

     

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауданда 2015 жылы «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, қараша айында көгілдір отынның алауы жағылып, аудан орталығына газ берілген болатын. Облыс қазынасынан арнайы қаржы бөлініп, 2017-2018 жылдары аралығында аудандағы 8 елді мекенге газ құбырының құрылысы жүргізілді. 8 елді мекеннің 3-і Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауылдар. Қазіргі таңда газ округ орталығына берілсе, қалған 2 елді мекенде жақын күнде кезек-кезеңімен қосылғалы отыр.

    Сонымен қатар қазіргі таңда аудандағы 7 елді мекенде газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.

    Сонымен қатар, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылына газ берілді.

    Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бақытбек Танагөзов жамбылдық тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

    «Тәуелсіздігіміз туын тіккен жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің ауданда көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Соның бір парасы бүгін Жамбыл ауылында жүзеге асуда. Бүгін міне қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Ауылға көгілдір отын беріліп жатыр. Бұл — Тәуелсіздіктің тартуы», — деді әкім.

    Көгілдір отынға қол жеткізген Жамбыл ауылының тұрғындары енді көмір тасып, күл шығармайтын болды деп, жүрекжарды тілегін жеткізген ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбдіхалық Ағабеков ел тұрғындары атынан алғысы мен ризашылығын білдірді.

    Жамбыл ауылы бұған дейін газдандырылмаған болатын. Енді елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтары толығымен шешімін тауып отыр.

    газ Түркістан облысы

    Оқылып жатыр

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026

    Ақын аманаты неге орындалмады: Жарылқап Қалыбай Шахановтың жерлеуіне қатысты пікір білдірді

    22.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.