Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Түркістанда Тоғызқұмалақ аллеясы ашылады

    Түркістанда Тоғызқұмалақ аллеясы ашылады

    Ел іші 17.08.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Дүниежүзілік Көшпенділер Ойынын қолдау мақсатында Түркістанда ерекше шара өтті. Бүгін түркі халықтарының рухани астанасында “Тоғызқұмалақ аллеясы” ашылды. Оның ашылу салтанатына Түркістан жұртшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен ұлттық зияткерлік ойынының жанашырлары келді.

    Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан саяжол Түркістан тумасы, тоғызқұмалақ жанашыры, ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Раманқұлов Мақсаттың қалаға тартуы. Өз қаражатына тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, аллеяға бағалы тастан қашап жасалған тоғызқұмалақ тақтасын орналастырып, сыйға тартты.

    Шараның ашылуына белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов арнайы келіп, Түркістан жұртшылығына өз құттықтауы мен жылы лебізін арнады.

    “Енді бұл жер қала тұрғындары мен қонақтардың және туристердің зияткерлік ойынмен танысып, уақытты көңілді өткізетін жерлердің бірі болады деп ойлаймын. Бұл менің бұрыннан ойымда жүрген арманымның бірі еді. Бастамаға қолдау білдірген Түркістан облысы басшыларына және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мұхамедияұлына алғысымды білдіремін. Бұл бастамаға киелі қаланың жұртшылығы да, қонақтары да қуанады деген үміттемін. Дүниежүзілік көшпенділері ойыны жақындап келеді. Соның аясында, тоғызқұмалақты насихаттау мақсатында қол алынған “Тоғызқұмалақ аллеясы” шаһарға көрік беретін, көпшілікті қызықтыратын әдемі бір мекен болады деп сенемін”,-дейді ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, қоғам қайраткері, кәсіпкер Мақсат Раманқұлов.

    Айта кетейік, биыл қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жалауын көтереді. Оған әлемнің 50-ден астам мемлекетінен тоғызқұмалақтан сайысқа түсу үшін ойыншылар келеді.

    Алихан Байменов Мақсат Раманқұлов тоғызқұмалақ аллеясы Тоғызқұмалақ ойыны тоғызқұмалақ спорты Түркістан қаласы

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.