Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Әсел Исабаева Астанадағы сән көрсетілімінде көзге түсті. Ол Kazakhstan Fashion Week аясында өткен Dinara Satzhan брендінің таныстырылымында төбе көрсеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz.
Іс-шара өткен демалыс күндері Ұлттық музейде ұйымдастырылған. Қонақтар әлеуметтік желіде жариялаған кадрларда Әсел Исабаева сән көрсетіліміне қатысқаны көрінеді.

Гимнаст, Азия чемпионы Әлия Юсупова да желідегі парақшасында суреттер жариялаған. Сол кадрлардың бірінде де Әсел Исабаева байқалады.
Айта кетейік, Әсел Исабаева 46 жаста. Нұрсұлтан Назарбаев екінші отбасы барын 2023 жылы ашық жариялаған еді. «Менің өмірім» атты естелік кітабында ол Әселмен некесі, ұлдары туралы айтқан болатын.
