Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    23.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 24 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

      23.01.2026

      Биыл балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары аударылады

      23.01.2026

      СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы қамауға алынды

      22.01.2026

      Жамбыл облысында 22 жасөспірім уланып, ауруханаға жеткізілді

      22.01.2026

      Алматы бюджетінен «Қайратқа» 840 млн теңге бөлінбек

      22.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026

      Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

      21.01.2026

      Экологиялық идеялар тоғысқан алаң: Жетісу университетінде «Жасыл хакатон – 2026» өтті

      21.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің негізгі міндеттері

    Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің негізгі міндеттері

    Ел іші 17.07.2019
    © akorda.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

    «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілсін. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», — деп жазылған Жарлықта.

    1. Жалпы ережелер

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

    2. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

    3. Ұлттық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

    2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

    4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:

    тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;

    жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау;

    жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

    өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

    3. Ұлттық кеңестің құрамы

    5. Ұлттық кеңес оның төрағасынан, орынбасарынан, мүшелерінен және хатшыдан тұрады.

    6. Ұлттық кеңестің төрағасы (бұдан әрі – Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

    7. Төраға:

    Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылық жасайды;

    Ұлттық кеңестің отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;

    Ұлттық кеңес төрағасының орынбасарына, мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді.

    8. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.

    Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске республикалық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар енгізілуі мүмкін.

    9. Ұлттық кеңестің шешімдерімен қоғам дамуының жекелеген салалары бойынша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

    Жұмыс топтары Ұлттық кеңестің құрамынан құрылады.

    10. Ұлттық кеңестің мүшелері:

    Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

    Ұлттық кеңестің отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;

    Ұлттық кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.

    Ұлттық кеңестің мүшелері өздерінің өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.

    Ұлттық кеңестің мүшелерінде Мемлекет басшысы қол қойған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің куәлігі болады.

    11. Ұлттық кеңестің хатшысы:

    Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары жобасының әзірленуін қамтамасыз етеді;

    оның отырыстарының күн тәртібі жобасын жасайды;

    Ұлттық кеңес отырыстары материалдарының, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларының дайындалуын ұйымдастырады;

    Ұлттық кеңес мүшелеріне Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

    жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сарапшыларды, ғалымдарды және мамандарды белгіленген тәртіпте тартады;

    өңірлерде көшпелі консультативтік кеңестер өткізеді;

    Төрағаның тапсырмалары бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    4. Ұлттық кеңестің қызметін ұйымдастыру

    12. Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді.

    Ұлттық кеңестің отырыстары жалпы пленарлық және тақырыптық болып бөлінеді.

    Ұлттық кеңестің отырысында мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар деп есептеледі.

    13. Ұлттық кеңестің шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелерінің дауыс беруі арқылы жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

    Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

    Төраға жекелеген мәселелер бойынша шешімдер қабылдаудың өзге тәртібін өзінің қалауынша белгілеуге құқылы.

    14. Ұлттық кеңестің шешімдері Төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

    15. Ұлттық кеңестің ұсынымдарын алған мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шешімдер туралы Ұлттық кеңеске Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте хабарлайды.

    16. Ұлттық кеңесте талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық кеңестің отырыстарында қабылданған шешімдер жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ Интернет желісінде орналастырылады.

    17. Ұлттық кеңестің отырыстарына Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңестің  мүшелері  болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

    5. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

    18. Ұлттық кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    19. Ұлттық кеңестің жұмыс органы:

    Ұлттық кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

    жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады;

    жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

    Ұлттық кеңес қабылдаған шешімдердің орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;

    Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Жарлық Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі

    Оқылып жатыр

    СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы қамауға алынды

    22.01.2026

    Шымкентте 50 млн теңгеге орнатылған қоғамдық дәретханалар бүлінген

    22.01.2026

    Жамбыл облысында 22 жасөспірім уланып, ауруханаға жеткізілді

    22.01.2026

    Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

    20.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    23.01.2026

    Биыл балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары аударылады

    23.01.2026

    Трамп Иранға байланысты қатаң ескерту жасады

    23.01.2026

    Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім шығарды

    23.01.2026

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды

    23.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.