Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 26 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Вашингтонда Мұхтар Мағауин бейітіне құлпытас орнатылды

    Вашингтонда Мұхтар Мағауин бейітіне құлпытас орнатылды

    Жаңалықтар 04.05.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас орнатылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл туралы АҚШ-тағы қазақ азаматы Сапарбек Нағашыбеков хабарлады.

    Оның сөзінше, Вашингтонда қазақтың ұлы жазушысы, зерттеушісі әрі тарихшысы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас орнатылып, Америкадағы “Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының” ресми таныстырылымы өткен.

    «Мұхтар Мағауин бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқына арнады. Ол 85 жасқа келгенше 27 томдық еңбегін жазып, қазақтың бес ғасырлық тарихын рухани тұрғыда түгендеп берді. Болашақ ұрпақ атамыздың ұлы еңбегін әлі талай бағалайтыны сөзсіз. Қазақтың тарихында осыншама кітаптар жазған жазушы болмаған», — дейді Сапарбек Нағашыбеков.

    Ол Мұхтар Мағауиннің басты еңбектерін атап өтті.

    1. Қазақ тарихын орыс көзқарасымен емес, қазақтың өз көзімен көрсетті

    2. Ұмыт қалған тарихи деректер мен тұлғаларды тірілтті

    3. Әдебиет арқылы ұлттық тарихи сананы қайта оятты

    4. «Қазақта мемлекет те, идея да, ойшыл да болмаған» деген жалған түсінікті жоққа шығарды.

    «Мағауин атамыздың еңбектері басқа ұлтпен, жұртпен тереземіз тең екенін, бай тарихымыз бар екенін ұғындырды. Басымызды тік көтеріп, қазақпын деп айтуға сенім берді. Алланың қалауымен, осындай данышпан тұлғаның топырағы Америка жеріне бұйырыпты. Мұхтар Мағауин жатқан жер де енді қазақ үшін киелі мекен деп қабылданары сөзсіз. Қазақ қалай Берлинге барғанда Мұстафа Шоқайды іздесе, енді солай Америка астанасына келгенде Мағауин басына келемін деп ниет етері ақиқат. Қазақ тарихынан бір университет беретін білімді жазып кеткен ұлы тұлға — білімде, тарихта, кітапта шекара жоқтығын көрсетіп тұрғандай. Қайда топырақ бұйырғаны жәй шарттылық. Ал, орындалған миссия, артынан қалған еңбек, міне ол — шексіз! Мәңгілік! Осы еңбектері үшін біз, қазақ халқы, Мұхтар Мағауинге қарыздармыз. Қазаққа осындай тұлғаны берген Аллаға сансыз шүкір, шексіз мадақ болсын», — дейді Нағашыбеков.

    Айта кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 10 қаңтарда өмірден өтті.

    Мағауиннің қазасы нені ұқтырды?

    Мұхтар Мағауин соңғы сұхбатында Назарбаевтың билігіне баға берді

    АҚШ жазушы құлпытас Мағауин

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.