Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 26 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жәнібек Әлімханұлы допинг нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы допинг нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады

    Спорт 03.12.2025
    instagram.com/janibek_alimkhanuly
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақ боксшысы, бұрынғы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс Эрисланди Ларамен (WBA) жекпе-жегі болмайтын болды. Оған себеп – VADA допинг-тестінің оң нәтижесі. Бұл жағдайға қатысты боксшының өзі де,  командасы да ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz 

    Боксшы командасының айтуынша, жағдай күтпеген жерден болған.

    «Бұл жаңалық бізді қалай таңғалдырса, жанкүйерлерді де дәл сондай күйге түсіргенін білеміз. VADA-ның алғашқы сынамасы таза деп хабарланды. Алайда кейін екінші сынамадан күмән тудырған көрсеткіш табылғаны айтылды. Бірінші және екінші тест арасында біз не тамақтануымызды, не витамин қабылдау тәртібін өзгерткен жоқпыз. Мұның себебін түсіне алмай отырмыз», – делінген мәлімдемеде.

    Команда жекпе-жекке төрт ай бойы дайындалғанын, шетелде қомақты шығын жұмсап, отбасынан жырақ жүргенін атап өтті.

    Сондай-ақ команда менеджерлері мен заңгерлері істі толық зерттеп жатқанын, қайта сынама тапсыруға рұқсат сұралғанын хабарлады. Бұрын алынған сынаманың екінші бөлігі де қайта тексеріліп жатыр.

    Боксшының өзі де бұл жағдайға таңғалғанын жазады.

    «Мен әрқашан таза спортты жақтаймын. Мұны бәріңіз білесіздер. VADA бірінші рет анализ алған кезде бәрі таза деген еді. Екінші тестте неге мұндай көрсеткіш шыққанын түсінбей отырмын. Қайта анализ тапсыруға өтініш бердік. Жауабын күтіп отырмыз», – деді Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

    WBO бұл оқиға бойынша ішкі тергеу бастағанын ресми түрде растады.

    Әзірге жаңа тексерістің нәтижесі қашан шығатыны белгісіз. Команда жағдайды «спорттағы қиын сынақтардың бірі» деп бағалап, жанкүйерлерден қолдау білдіруді сұрады.

    WBO бокс допинг Жәнібек Әлімханұлы

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

    16.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.