Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 11 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

      10.04.2026

      Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

      10.04.2026

      “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

      10.04.2026

      Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

      10.04.2026

      Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

      10.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысы Арыс қаласында өзіне бөлінген секторды аяқтады

    Жамбыл облысы Арыс қаласында өзіне бөлінген секторды аяқтады

    Өңір тынысы 28.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Арыс қаласындағы Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті. Оған жергілікті арыстықтармен бірге жұмыс жүргізген бірқатар құрылысшылар қатысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Жиынды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмухаметов сөз сөйлеп, ашты. Облыстан арнайы ат басын бұрған бір топ жамбылдықтарды аймақ басшысының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев бастап келді. Еркебұлан Әбілханұлы өзінің алғысөзінде Жамбыл облысы штабының қарқынды жұмысы, арыстықтардың белсенділігі мен ықыласы туралы айрықша айтып өтті. Сондай-ақ, қалада орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға жұмыла атсалысқан көпшілікке алғысын білдіріп, мұндай оқыс оқиға енді елімізде орын алмауын тіледі. Өзге де сөз алған Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов, Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбек және тағы басқа құрметті қонақтар жамбылдық құрылысшылардың табанды тірлігін, елеулі еңбегін тілге тиек етті.

    Салттанатты жиын «Арысты тербеткен Әулиеата әуендері» атты К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты. Бағдарлама барысында Арысқа арнау айтылып, әсем әндер шырқалып, би биленді. Аянбай тер төккен бір топ штаб жұмысының басы-қасында жүрген азаматтар мен құрылысшылар марапатталды.

    Сондай-ақ, бұл күні жарылыс кезінде қираған 4 үй қайтадан бой көтеріп, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Яғни ол үйлердің екеуі  жаңадан салынса, екеуі толық жаңғыртылған. Аталған үйлердің құрылысын жүргізген мердігер компания үй иелеріне өз сый-сияпаттарын да жасады.

    Айта кетейік, Арыс қаласындағы Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған болатын. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалды. Нәтижесінде қираған 4 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, екеуі толық жаңғыртылды. Қалған 309 үйге әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4 мердігер компания, 500-ден аса құрылысшы тартылды.Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылды.

    Әулиеаталықтар арыстық ағайындарға бұдан өзге де түрлі қолдаулар көрсеткенін бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Атап айтар болсақ, ондағы зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша «Арыс. Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында 4 қабылдау пункті ашылды. Нұр Отан партиясының облыстық және аудандық филиалдарындағы арнайы пункттерде жиналған көмек материалдары, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар Арысқа жеткізілді.

    Барлығы 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнелтілген. Ол ғана емес, тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2,2 миллион теңгеге қажетті дәрі-дәрмегімен қамтылған арнайы жасақталған 4 реанимобильмен 8 фельдшер Арыс қаласына жіберілді. Сондай-ақ, Арыс қаласының 400-ге жуық баласы Жамбыл облысындағы жазғы сауықтыру Тау самалы, Жұрындысай, Жұлдыз сынды лагерлерінде демалды.

    Арыс

    Оқылып жатыр

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026

    Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

    10.04.2026

    Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

    10.04.2026

    Алматы облысында сегіз адам 15 жастағы жетім қызды зорлаған

    10.04.2026

    Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып ала ма?

    10.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.