Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 2 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026

      Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында ерекше этно-мәдени кешен пайдалануға берілді

    Жамбыл облысында ерекше этно-мәдени кешен пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 25.12.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған нысандардың бірегейі Шаһардың қақ ортасынан орын алған «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені. Орта Азияда баламасы жоқ алып кешенді Тараздың 2000 жылдық тарихын қайта тірілткен «Ғажайып сәулет құрылысы» деп атауға толық негіз бар! Мыңжылдықтардың куәсі киелі өлкенің руханиятын оятып, рухын асқақтатқан, мерейін өсіріп, мазмұнын арттырған жоба жамбылдықтар үшін теңдесіз жоба болғаны сөзсіз. 

    Барлық құрылыс барысы орта ғасырлық шығыс сәулеттік стилінде жүргізілген кешен 2000 жылдан аса өткені бар Тараз шаһарының тарихи болмысын барынша айшықтай түсуде. Онда барлығы 8 нысан қамтылған. Олар: «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат» стеласы, «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы. Айта кету керек, ұлттық құндылығымызды болашақ ұрпаққа жеткізіп, тарихымызды танытуға бағытталған жобаға демеушілер де өз үлесін қосып, құрылысқа қолдау көрсетеді. 

    Бүгінде кешендегі 8 нысан бойынша құрылыс-монтаж, әрлеу-безендіру жұмыстары толығымен аяқталды. Құрылыс жұмыстарына барлығы 1000-нан астам құрылысшы, 100-дан аса техника жұмылдырылды. Әрлеу жұмыстары Самарқанд стиліндегі кірпіштерімен жүргізілуіне байланысты Өзбекстаннан арнайы мамандар тартылды. Инфрақұрылыммен қамту шаралар да тиісінше орындалған. Жалпы жеті гектарға жуық аумақты құрайтын орталықтағы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталып, желтоқсан айында мәресіне жетті.
    Айта кетейік, мұндағы құрылысқа қажетті материалдардың 80 пайызы отандық өндіріс орындарынан жеткізілсе, қалғаны Самарқанд кірпіші, глазурь атты төсеніштер Қытай мен Өзбекстан мемлекеттерінен әкелінді. Олармен арнайы келісімшарт жасалып, ең сапалы материалдар пайдаланылды. Глазурь төсеніштері арнайы пештерде 1800 градуста алдын ала өлшеммен дайындалған.

    Жалпы кешендегі нысандардың қабырғаларын әрлеу жұмыстарына 7000 шаршы метрден астам Самарқанд кірпіштері, 2000 шаршы метрге глазурь төсеніштері пайдаланылған. Әрлеуге пайдаланылған травертин тастарының элементтері Қырғызстанда әзірленген.

    Сондай-ақ әр ғимараттың сыртқы әрлеу-безендіру барысы ерекше, бір-біріне ұқсамайды. Дегенмен кешендегі барлық нысанды безендіру жұмыстарына Айша бибі кесенесінде кездесетін сегіз бұрышты өрнек-бедерлердің пайдаланылғандығын айтып өту керек. Ол кешенге Тараз қаласының орта ғасырлық келбетін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, келушілерге айрықша әсер етеді.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Құрбан айт күні ХҚКО жабық болады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.