Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының әкімі «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде болды

    Жамбыл облысының әкімі «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде болды

    Өңір тынысы 07.09.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сенбі, 5 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ат басын бұрды.

    Жамбылдықтар «Тектұрмасты» қалпына келтіру  жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталуын асыға күтті. Нәтижесі көңілден шыққандай.

    Бақылау алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған. Жаңа нысандар мен архитектуралық формаларды салу бойынша күрделі жұмыстар әлі де жалғасуда. Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тектұрмас» кешенін қайта құрудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, аллея бойында аймақтың тарихи құрылымдарының макеттері орын теппек.

    Мұнда жағажай, жасанды сарқырама және кәсіпкерлік нысандары да салынады деп күтілуде. Олар кешеннің маңындағы Талас өзенінің жағасынан бой көтеретін болады. Бердібек Сапарбаев Тектұрмас кешені аумағында өрбіген ауқымды құрылыс жұмыстары нысанның отандық және шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

    — Этно-тарихи кешенде бірегей сәулеттік идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Мұндағы әрбір нысан Ежелгі Тараздың мәдениетін айшықтайды. Сәулетшілер барынша қаланың тарихи келбетін, сол уақыттағы бейнесін келістіруге күш жұмсауы керек, сонда келушілер өткенге саяхат жасай алады. Сонымен қатар, кешенде келушілерге барлық қолайлы жағдайды жасалып, заманауи техникалық талаптарға сай болуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.

    Туристердің көпшілігін мұндағы Атлах және Аңырақай шайқастарына арналған панорамалық соғыс панелі қызықтыруы тиіс. Оның әзірге жобасы әзірленіп жатыр. Тарихтан біз бұл шайқастар халқымыздың құрылуында үлкен рөл атқарғанын білеміз.

    — Осы шайқастардың тарихын егжей-тегжейлі сипаттаңыздар. Жастарға шайқастардың қалай өткенін, бүгінгі бейбіт күнге қандай қиыншылықпен жеткенімізді түсіндіруіміз керек, — деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралау барысында су шаруашылығы нысандарының мәселелерімен де танысты. Ол Түйте, Үшбұлақ, Қапал  каналдары мен Айша-бибі көшесінде орналасқан дренажды каналдың жай-күйімен танысты. Өңір басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

    — Каналдардың арналарын тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізсек, бүкіл қаланы суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл жұмысқа тәжірибелі гидротехниктерді тарту қажет. Суару жүйесінің үздіксіз жұмысы қоршаған ортаны жақсартуға оң әсерін тигізеді. Қала аулаларын шаң басудан қорғап, ағаштар уақытында суарылатын болады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше демалыс орындарын көптеп ашуға да ықпалы зор. Қала тұрғындары өз бау-бақшаларын еш қиындықсыз суара алады, — деді облыс әкімі.

    Алайда суару жүйесінің жағдайына бей-жай қарайтын тұрғындардың кесірінен бұл жоспар орындалмауы мүмкін. Кейбір жеке үйлердің иелері өз аулаларын тротуарларға дейін кеңейтіп, суару арықтарын бетондап жауып тастаған. Облыс әкімі бұл мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар, «Зербұлақ» демалыс аймағында Бердібек Сапарбаев жағалауды нығайтуды,  көшеттер отырғызуды тапсырды.

    «Тараз ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Олжас Қаржауов осы бағытта инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Олар өз қаражаттарын сала отырып,  бұл аймақты қаладағы танымал демалыс орындарының біріне айналдыруға дайын екендігін жеткізді.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.