Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласын газдандыру барысында биыл 37,4 шақырым полиэтиленді газ құбырлары ауыстырылады, — деп хабарлайды Тarazy.kz.
газбен қамтамасыз етуші мекеме — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы. Қаладағы газ құбырларының ұзындығы 1475 шақырым құрайды, оның ішінде:
— 1112 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 35 шақырым, орта қысымды — 994 шақырым, төмен қысымды — 83 шақырым),
— 363 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 0,045 шақырым, орта қысымды — 24 шақырым, төмен қысымды — 339 шақырым).
Ағымдағы жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламасы бойынша өз қаражаты есебінен «Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту. 2 кезең» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары қаланың орталық бөлігінде жүргізілуде. Бас мердігер — «ДС-ТАС» ЖШС. Жұмыс жоспары бойынша ауыстырылатын полиэтиленді газ құбырларының ұзындығы — 37,4 шақырым. Көшелердің жалпы саны — 128.
Жамбыл облысында 2018-2027 жылдары қосымша 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Осылайша өңірдегі елді мекендерді көгілдір отынмен 100 пайыз қамту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылы облыстық бюджеттен 525 млн теңге бөлініп, 43 524 млн теңге құрайтын 11 жобалық құжат дайындалды. Оның ішінде алты ауданның 84 елді мекенін газдандыру, Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АГРС-1 мен АГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған. Бүгінде бұл жұмыстар қолға алынып, жүргізілуде. Аталған жобалар толығымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 265-ті құрап, 70% деңгейіне көтеріледі. Әзірге бұл көрсеткіш 48 пайызды құрап отыр.
Айта кету керек, өңірдегі газдандырылған елді мекендерде тұрса да, орталықтандырылған газ торабына қосылмаған 88 мың халық бар болатын. Оның 53 мыңға жуығы өткен жылдың соңына дейін газ торабына қосылды. Қазіргі таңда аудан әкімдері төмен бағамен, яғни 82 756 теңгеге газ кіргізу жұмыстарын «Жамбыл-жылу», «Теміржол-жылу және жеке мердігерлермен бірлесе атқаруда.
Еліміз бойынша газ құбырларын электронды маркерлеу алғаш рет Тараз қаласын газдандыру барысында қолданылды. Жер астындағы күрделі коммуникацияларды айнадағыдай көрсетіп тұратын құрылғы өз тиімділігін дәлелдеді. Бұл жұмыстар енді Талдықорғанда жалғасын тауып жатыр. Цифрлық инновацияның жетістігі болып саналатын электронды маркерлер жерге газ құбырымен бірге көміледі.