Жапонияның екі жүк кемесі Тынық мұхитта (Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырымдай қашықтықта) соқтығысып қалды, — деп хабарлады NHK телеарнасы.
Апат салдарынан кеменің бірі суға батып кеткен. Ішінде бес адам болған. Тек капитанды ғана құтқару мүмкін болыпты. Кемедегі өзге төртеуі іздестірілуде.
Апат түнде болған, тұман салдарынан еш нәрсе көрінбеген. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген кеме Осакаға бара жатқан.
Қазіргі уақытта жағалау күзеті із-түзсіз кеткендерді моторлы қайықтармен және тікұшақтармен іздестіріп жатыр.