Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    Жаңалықтар 05/10/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның жергілікті жолдарында жыл басынан бері зерттелген жол материалдарының 32%-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мәліметінше, осы кезеңде 15 мыңнан астам сынама зертханалық тексеруден өткен, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл деректер Астанада өткен «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» семинар-кеңесінде жарияланды. Іс-шара ҚР Көлік министрлігі жанында өңірлер мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығы филиалдарының қатысуымен өтті.

    Зерттеу нәтижелері жол сапасына қатысты мәселе нысан пайдалануға берілгеннен кейін ғана емес, жол құрылысына қолданылатын материалдарды таңдау және пайдалану кезеңінен басталатынын көрсетеді. Зертханалық сынақтар талапқа сай емес материалдарды жұмыстың бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Алайда анықталған кемшіліктерді жою мәселесі әлі де өзекті.

    Жыл басынан бері жергілікті жолдарда 1 997 технологиялық бұзушылық пен ақау тіркелген. Оның тек 214-і жойылған. Қалған 1 783 бұзушылық бойынша жұмыстар аяқталмаған. Яғни анықталған кемшіліктердің шамамен 89%-ы әлі сақталып отыр.

    Бұдан бөлек, 2024–2026 жылдары жергілікті атқарушы органдар қабылдаған 1 127 жол нысанында жүргізілген тексерулер барысында түрлі сәйкессіздіктер анықталған.

    Семинар барысында өңірлердегі проблемалық нысандар, зертханалық зерттеулердің нәтижелері және анықталған ақаулардың уақытылы жойылмау себептері талқыланды. Техникалық қадағалау, мердігерлер, жергілікті тапсырыс берушілер мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығы арасындағы өзара іс-қимылға да назар аударылды.

    Қатысушылар қолданыстағы нормативтік базадағы бірқатар қайшылықтарға да тоқталды. Осыған байланысты жол жұмыстары мен қолданылатын материалдардың сапасын бағалауға қойылатын талаптарды біріздендіру үшін нормативтік құжаттарды кешенді қайта қарау ұсынылды.

    Семинар қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың сапасын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жауапты тұлғалар мен ақауларды жою мерзімдерін белгілеу көзделіп отыр. Сондай-ақ нормативтік базаны жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

    Бұдан бөлек, жергілікті жол желісін дамыту бойынша үш жылдық жоспар әзірленіп, өңірлік және республикалық деңгейде шешуді қажет ететін мәселелер айқындалады.

    жол сапасы Көлік министрлігі сараптама

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.