М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері су көздерін жаңа биологиялық әдіспен тазалау және қалдықтарын кәдеге жарату технологиясын ойлап тапты.
Жобаны студенттер 2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадада таныстырды. 24 команда арасынан Әуезов университетінің студенттері 1-орынға ие болды.
Енді болашақ экологтер Қазақстандағы су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бағытында жұмыс жасамақ.