Жамбыл облысында 65 мың адам медициналық ұйымдарға тіркелмеген 

0

Жамбыл облысында 65 мың адам медициналық ұйымдарға тіркелмеген. Олардың басым көпшілігі тұрғылықты мекен-жайы жоқ немесе бейресми жұмыс істейтіндер, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде бірқатар қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде аймақтық штаб отырысы кезінде айтылды.

Мамандардың айтуынша, егер тұрғындар әлеуметтік статусын қазірден айқындап, тіркеуден өтпесе, сақтандыру жүйесіндегі пакеттерден қағылатын көрінеді. Бірер айдан кейін толық іске қосылатын реформаның негізгі мақсаты – медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болғандықтан, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп отыр. Алайда бүгінде республика бойынша Атырау, Ақмола, Түркістан облыстарында тұрғындардың ақпараттандырылуы төмен болып тұр. Тіпті Жамбыл өңірінде бұл көрсеткіш 40-тан 26%-ке дейін төмендеп кеткен.

«7 айдың қорытындысымен түсіндіру жұмыстары бойынша 1258 кездесу өткіздік. Оған 7220 адам қамтылып отыр. Күрделі мәселенің біреуі – ол өзінің мекенжайын ауыстырып отырған, яғни тұрғылықты жерде тұрмайтыны, яғни ішкі және сыртқы миграцияға байланысты», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

«Жалпы қорда бүгінгі күннің өзінде 200 миллиардқа жуық ақша жиналған. Осы ақшаны қосып келесі жылда медицина саласындағы барлық дефицитті толықтай немесе жабу үшін медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілмек», – дейді МӘМС қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.