Жамбыл облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударғандар саны артып келеді 

0

Жамбыл облысынан соңғы екі жарым жылда еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарына 400-ге жуық отбасы қоныс аударды. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Тұрғындарды ынталандыру шараларының арқасында Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай өңірлеріне биыл жыл басынан бері Әулиеатадан 110 отбасы көшкен. Қазір мемлекеттік жобаға қатысқысы келетіндер қатары артып отыр.

Жомаргелді Жайнақов алдағы аптада Павлодар облысына көшіп барады. Байзақ ауданының тұрғыны дүние-мүлкін буып-түйіп жолға әзірленіп жатыр. Оны мемлекеттік жобаның тетіктері қызықтырған. Шаруа осы мүмкіндікті пайдаланып диханшылықпен айналысуды көздеп отыр. Тіпті бизнес жоспар да әзірлеп қойған.

Жомаргелді Жайнақов, Кеңес ауылының тұрғыны: – Ресейге сәбіз, қызыл қызылша мен капуста өткізу. 100 гектарға дейін жер алуға болады. Егу қолымыздан келеді. Жұмысшылар тартамыз. Нақты жұмыс болатын болса Тараздан да баратын семьялар көп. Жер берем деп тұрғаннан кейін несіне қорқамыз. Жұмыс істеу керек. Ішкі нарыққа неғыла бермей, сыртқы нарыққа шығаратын только Павлодардың өнімі. Сондықтан мен Павлодарға бара жатырмын.

Биыл Павлодар өңіріне 13 отбасы көшіп барды. Ал Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 34 отбасыдан  және Шығыс Қазақстанға 74 адамнан тұратын 29 отбасы қоныс тепті. Олардың басым көпшілігі жер алып, диханшылықпен айналысқысы келетіндер.

Ғалижан Мейірманов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы: – Бірінші жәрдем ол көшетін азаматқа көшу субсидиясы. Ол 35 айлық есептік көрсеткіш есебінде. Ол көшетін отбасының әрбір мүшесіне төленеді. Барған жерінде өзі таңдап барған мамандығы бойынша міндетті түрде тұрақты жұмысқа орналастырылады. Ең басты мәселе көшіп барғанда баспана ұсынылады. Ол баспананы жалға алып тұрады басында. Жалға алу ақысын да мемлеке төлеп береді бір жылға дейін төлеп береді.

Мамандардың айтуынша Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының тұрғындары көшуге жиі ниет білдіретін көрінеді. Биыл қабылдаушы өңірлерге 352 адам көшкен. Оның 102-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Қазір тағы 200-дей өтініш білдірген азаматтардың тізімдері жасақталып, құжаттары жинақталу үстінде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.