Жамбылда егін орағына 695 комбайн толығымен қатысуда

0

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102 пайызға орындалғанын айтты, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының берген мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың өнімі үшін (4-А/Ш есебі бойынша) ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарға орналастырылған, (оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 352,4 мың гектар, майлы дақылдар 60,9 мың гектар, қант қызылшасы 5,6 мың гектар, картоп 10,1 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 66,3 мың гектар, мал азығы дақылдары 207,3 мың гектар) 2018 жылмен салыстырғанда (668,5 мың га) 18,6 мың гектарға артыпты (102,5 пайыз).

19 тамызға дәнді масақты дақылдары 331,3 мың гектардан орылып (99,3 пайыз), барлығы 752,2 мың тонна дән бастырылды, орташа өнімділігі гектардан 22,7 центнерді құрап отыр, (бункерлік салмақта), қазіргі таңда егін орағы жалғасуда.

Сонымен қатар, 1,6 миллион тоннаға астам пішен (100,8 пайыз), 46,0 мың тонна пішендеме (91,9 пайыз), 3,9 мың тонна сүрлем (7,1 пайыз) және 105,9 мың тонна сабан (96,4 пайыз) дайындалды. Мал азағын дайындау жұмыстары да жалғасуда.

Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланып, жалпы егістік алқаптың 22,0 пайыз қамту жоспарланған. 2019 жылдың 19 тамызына ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 16,6 мың тоннасы алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына ендірілуде (жоспардын орындалуы 74,0 пайыз) жұмыстар қызу жүріп жатыр екен.

Күзгі дала жұмыстарына аудандардағы шаруа қожалықтардың ауыл шаруашылығы техникалары (тракторлардың барлық түрлері бойынша 5063 бірілік, астық ору комбайндары 695 бірлік және басқада қажетті техникалары) 100 пайызға жазғы және күзгі дала жұмыстарына дайын. Оның ішінде егін орағына  695 астық ору комбайндары толығымен қатысқан.

ҚР Үкіметі тарапынан Жамбыл облысының дихандарына күзгі жинау және егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 16200 тонна кепілдендірілгендизель отыны бөлінген. (Оның шілде айына 5800 тонна, тамыз айына 3300 тонна, қыркүйек айына 3700 тонна және қазан айына 3400 тонна.).

Егін орағы және басқада күзгі дала жұмыстарына қажетті шілде айына бөлінген 5800 тоннаның 5284 тонасы жеткізіліп (91,1 пайыз), (ескере кететін, зауыттар тарапынан дизель отының толығымен босатпауда) шаруашылықтарға 4562 тоннасы таратылды (86 пайыз).

2020 жылдың өніміне сүр (пар) көтеру шаралары облыс бойынша 97,9 мың гектар алқапқа жоспарланса, нақты көтерілгені 99,5 мың гектар немесе 101,7 пайыз. Бірінші өңделгені 99,5 мың гектар, 100 пайызды, екінші өңделгені 97,3 мың гектар, 97,7 пайызды және үшінші өңделгені 33,6 мың га 33,8 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы 6043 гектар алқаптағы парға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылған.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында, Жамбыл облыстық «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша, 43 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 363,1 миллион теңгеге өтінім түсіп, таратылыпты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.