Таразда «Көне-Қамал» ғимараты салынады

0

Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенін қайта қалпына келтіру, абаттандыру және жаңа ғимараттар салынатыны жайлы айтты, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

«Тектұрмас» мәдени – тарихи кешенінде магистралдық инженерлік – коммуникациялық желілерінің құрылысы (су, электр, газ, су бұру желілері)» нысанының ЖСҚ әзірлеу бойынша жобалаушы «Архстрой-2005» ЖШС танылған, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Сонымен қатар, «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешеніндегі «Көне-Қамал» ғимаратының салу және «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағын абаттандырудың жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда.

«Тектұрмас» мәдени-тарихи кешені маңындағы Талас өзенінің жағалауын абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына өтінім 22 тамызда беріледі. Шығу мерзімі қараша айы.

Айта кетейік, Тектұрмас күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Орта ғасырдың басындағы көне қаланың орнында – Жамбыл облысыныңТалас ауданындағы Қызыларық ауылының маңындағы Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар (күмбез) 14 ғасырда салынған. Тектұрмас күмбезі түгелдей қираған, тек 19 ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосурет бойынша ғана белгілі. Күмбезді мазар Сұлтан Махмұт ханның бейітіне орнатылған, астыңғы жағы төртбұрышты, жоғары жағы күмбезді, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған.

Есігі батысқа – Тараз шаһарына қаратылып, құрылыстың бұрышаруашылығыбұрыштарына қабыстыра сәнді бағаналар қойылғаны, қабырғалары сылақпен сыланғаны байқалады. Тектұрмас күмбезінде 19 ғасырдың 2-жартысында В.А. Каллаур, ал 1939 – 1940 жылы Г.И. Пацевич зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1986 жылы мазар маңы қоршалып, тиісті атауы жазылған ескерткішаруашылығытақта қойылды, ал 2002 жылы кәсіпкер А.Момышев жеке қаржысымен Тектұрмас күмбезін қайта жаңғыртып тұрғызды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.