Аула клубтарының маңызы зор – Қайрат Досаев

0

Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы аула клубтарына материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін айтты, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубының мақсаты –  оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту, жалпы баланы жан-жақты  дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады.  Жастар ресурстық орталыққа қарасты 4 аула клубтары «Арай» (Самал м\а 14 үй,  2-Б пәтер), «Ботақан» (Төле би көшесі 11 үй), «Балауса»(Қарасу м\а 5 үй, 24 пәтер), «Жас балғын» (Талас м/а 10Б)  тұрақты жұмыс атқаруда.

«Аталған аула клубтарында 4 жастар ісі жөніндегі инспектор 206 тәрбиеленушілермен түрлі бағыттағы 8 үйірме («Қолөнер», «Шебер қолдар», 2 «Сурет», «Ұлттық ойындар», «Қуыршақ театры», «Тіл дамыту»,  2 «Салауатты өмір салты») бойынша жұмыс жасауда», – дейді қала басшысы.

2016 жылы №1 аумақтық округке қарасты «Астана» (12) ықшам ауданы №30 «А» үйде орналасқан  «Азимут» аула клубының жертөлесіндегі құбырларының жарылуына байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. 2019 жылы аталған аула клубқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  9 млн. 986 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  2019 жылдың соңына дейін аталған аула клуб пайдалануға берілетін болады.

«Тараз қаласында №9 аумақтық округке қарасты «Бәйтерек» (13) ықшам ауданы, №8 үйде (жалпы алаңы 87,3 шаршы метрді құрайтын), «Құмшағал» тұрғын алқабы, Байтұрсынов көшесі, №1 үйде бос тұрған ғимараттардан балаларға арналған аула клубтарын жыл соңына дейін ашылатын болады. Аталған аула клубтарды материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 6 миллион теңге қаражат бөлінді», – дейді Қайрат Досаев.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қоғау күніне орай «Балауса» аула клубында аталған аула клубқа келуші  балалардың ұсынысы бойынша «STREET WORKOUT» алаңшасын, Wi-Fi зонасын, шағын кинозалын, теннис столын, қалқан күрке (беседка), компьютерлер пайдалануға берілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.