Жамбыл Сматов Тараз қаласының прокуроры болды

0

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл Сматов Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сматов 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. 2008 жылдан бастап прокуратура органында жұмыс істеп келеді. Бұрындары Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы және Тараз қаласы прокуратурасында қызмет етті. Бас прокуратурада жұмыс істеді.

2017 жылы қазаннан бастап Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.