Таразда Жолдау бойынша жиын өтті

0

Жергілікті тұрғындар көтеріп отырған мәселелерді зерделеу, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысында Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритімдері бекітілген болатын. Бұл ретте халықпен тиімді кері байланыс орнату – басты талап.

Бүгін облыс орталығы Тараз қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған қала активі жиналысы өтті.

Жиынға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қаласы бойынша ақпараттық топтың жетекшісі Б.Орынбеков, Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық, қалалық ақпараттық топтардың мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында Жолдаудың өзге де бағыттарына басымдықтар беріліп, алдағы жоспарлар мен мәселелер сараланды. Сондай-ақ, бірінші басшылар азаматтардың мәселелерін барынша жергілікті деңгейде шешіп, орталық органдарға немесе Президент Әкімшілігіне жүгінуге мәжбүр еткізбеу жайы талқыланды.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.