Несиенің өтелуі жайлы не білу керек?

0

Соңғы күндерде елімізде қызу талқыланып жатқан мәселе – несиенің кешірілуі болғаны сөзсіз.

Президент Жарлығы бойынша кредитті төлеу туралы ақпарат сұрап банк бөлімшелеріне, ХҚКО-на келіп босқа уақыт жоғалтқан ел көп. Көбінің сұрағы:

❓Кімнің кредиті өтеледі?
Кредиті өтелетіндер қатарына 2019 жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша төмендегі әлеуметтік статусы бар адамдар кіреді:
-көпбалалы отбасылар,
-асыраушысынан айырылғаны үшін өтемақы алатындар,
-мүгедек балалары бар отбасылар, бала күннен мүгедектегі бар 18 жастан асқандар,
-мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар,
-жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасынан кәмлетке дейін айырылған, 29 жасқа толмағандар.

❓Егер мен тізімде болмасам не істеу керек?
Егер сіз жоғарыдағы санаттардың біріне кіретін, бірақ қарызы кешірілетіндер тізімде болмасаңыз 111 бірыңғай нөміріне хабарласып, өзіңіз және отбасыңыз туралы мәліметтерді беріңіз. Бұдан кейін мемлекеттік органдар Сіз туралы ақпаратты тексеріп, жоғары санаттың біріне кіретініңіз анықталса, тізімге қосады.

❗Алайда әлеуметтік дәрежесі бола тұра Ұлттық банктің ақпараты бойынша 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша төмендегі адамдар тізімге кірмейді:
– кредиті жоқтар;
– жалпы қарызы 3 млн. теңгеден асатындар;
– қарыздары коллекторлық ұйымдарға өтіп кеткен тұлғалар.
Менің тізімді бар екенімді қайдан білсем болады?
egov.kz порталы, https://www.enbek.gov.kz/public/irs/kk/status-check, 111 бірыңғай нөмірі арқылы, ХҚКО-нан білуге болады.

❓Қанша көлемдегі кредит жабылады?
Негізгі қарыз бен оның сыйақысынан құралатын, өтелетін кредиттің мөлшері бір борышкер үшін 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 300 000 (үш жүз) мың теңгеден аспайды.

❗Тізім туралы сұрақпен банк бөлімшелеріне барудың керегі жоқ. Банктер тек орындаушы.
ХҚКО-ы тек тізімде бар-жоғыңызды ғана айта алады. Оны ХҚКО-на бармай-ақ egov.kz немесе enbek.gov.kz-тағы арнайы қызмет арқылы білуге болады. ХҚКО не үшін тізімде жоғыңызды айта алмайды.

❗Осы ақпаратты тарата отырсаңыздар. Кезекте уақыт өткізіп тұрған ағайын да білсін.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.