Қазақстанда ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдау аяқталды

0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдауды аяқтады. Сыйлықақы- үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың бір түрі. ҮЕҰ-ды дамытуға қолдау көрсету, олардың әлеуетін арттыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Өтінімдер 2019 жылғы 1 шілдеден 2 қыркүйекке дейін қабылданған болатын. Жалпы үміткерлерден 134 өтініш келіп түсті (ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Олардың ішінен 14 өтінім келесі себептер бойынша кері қайтарылды: ҮЕҰ дерекқорында болмауы – 9 өтінім; ҮЕҰ филиалдарының өтінімдері – 3; құжаттар пакетінің толық болмауы – 2 өтінім.

Министрліктің мәліметіметінше «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағында көрсетілген 15 бағыты (номинация) бойынша 120 өтінім қаралуға қабылданды. Осылайша, өтінімдердің басым бөлігі: халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау – 31, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу – 15, азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу – 11, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 10, және т.б. бағыттар бойынша келіп түскен.

«Өтінімдер барлық өңірлерден келіп түсті. Өтінімдердің көбі Нұр-Сұлтан қаласынан келіп түскен, жалпы саны-21, Алматы облысынан – 13, Атырау облысынан -13 өтінім қабылданды», – делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымованың айтуынша, министрлікке қазіргі уақытта да үміткерлер тарапынан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінімдер келіп түсіп жатыр екен. Алайда үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы тағайындау жөннідегі 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 ережеге сәйкес, сенбі күніне келетін демалыс күндерін жылжыту ескеріле отырып, байқауға тек пошта арқылы 2 қыркүйектен кешіктірілмей келген өтінімдер ғана қабылданады.

ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлерінен және ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылар бағыттары бойынша тиісті салалардың сарапшыларынан құралған сарапшылар комиссиясы қарайды. Сонымен қатар, конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді сарапшылар қашықтық жүйесі бойынша қарастырады.

Сыйлықақының бір бағыт бойынша көлемі 2 000 АЕК (5 миллион тенгеден астам) құрайды.

Айта кету керек, алғаш рет сыйлықақыларды салтанатты түрде табыстау рәсімі 2017 жылдың қараша айында өткен болатын. 2017 жылы сыйлықақыға 59, 2018 жылы 63 ҮЕҰ ие болды.

Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі даярлады. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.