Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келуі мүмкін екенін айтты

0

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.

«Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері», – деді Бекшин.

Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.