Мұқтаж жандарға – тегін көмек

0

Биыл 16 наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуі бойынша «Biz bіrgemiz» республикалық акциясы аясында Байзақ ауданының жастары мен еріктілері  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, игілікті тірліктер атқаруда.

Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер әлеуметтік жағынан аз қамтылған  көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарияларға көмектерін көрсетті. Атап айтқанда, жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, медициналық бетперде мен қауіпті індеттен сақтану шаралары туралы түсіндірме қағаздарын таратты. Сонымен бірге екі қарияға дәрі-дәрмек, бес қарияға азық-түлік өнімдері жеткізіліп берілді. Жеті қарияның үйлеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, орталықтың инспекторлары төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға, жалпы 980 адамға 42 мың 500 теңгені рәсімдеуге жәрдемдесті. (Сарыкемер ауылдық округінен – 230, Қызыл жұлдыз ауылдық округінен -100, Мырзатай ауылдық округінен  -180, Жалғызтөбе ауылдық округінен -120,  Ботамойнақ ауылдық округінен  – 350).

Қартын сыйлаған қайырымды жастары барда мұндай шаралар жыл бойы жалғасын табатын болады.

Мұхтар Қазбаев, Байзақ аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.