Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 17 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

      17.04.2026

      Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

      17.04.2026

      Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

      17.04.2026

      Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

      16.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

    Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

    Ел іші 28.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, өткен жылы және ағымдағы жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы сараланды. Ондағы көрсеткіштер сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекет үшін әлі де елеулі мәселе болып отырғандығын айғақтай түскендей , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    — 2019 жылы Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 33 лауазымды тұлға сотталса, олардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Басқа салалардан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылар бар. Ең көп қылмыс Тараз қаласында, Шу, Байзақ, Жуалы және Меркі аудандарында орын алған, — деп атап өтті облыс әкімі.

    Өзекті тақырып бойынша толық ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев баяндады.

    Ол еңбек және сыбайлас жемқорлық заңнамасының орындалуы бойынша мониторинг барысында қызықты фактілер анықталғандығын алға тартты. Мысалы, сыбайлас жемқорлық әрекеттері фактілері бойынша жауапкершілікке тартылған мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың 9 лауазымды тұлғалары өз басшылық қызметтерін жалғастырып келген. Тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана олар өз өкілеттігін доғаруға мәжбүр болған.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Ашық бюджеттің интерактивті картасы», «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» сияқты жобалар іске асырылуда. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімдеріне қарасты 900 ұйым өз бюджеттері туралы жариялады.

    — Өткен жылдың қорытындысы бойынша департамент сотқа сыбайлас жемқорлық жасаған 70 істі жолдағса, 90 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келтірілген шығын көлемі 1,2 миллиард теңгені құрап, 930 миллион мемлекетке қайтарылды. Шағын және орта бизнес қызметіне араласумен, сондай — ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты қылмыстардың саны артқан, — деп атап өтті А. Әшірбаев.

    Анықталғандай, мемлекеттік құрылымдар арасында жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлыққа аса бейім. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика және ТКШ салаларында заңбұзушылыққа жол берілеуде. Сонымен қатар, жиныда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы өткен жылы 29 қылмыстық іс қозғалғандығы да айтылды.

    Ағымдағы жылдың үш айында сотқа жолданған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істердің саны 27-ге жетсе, осы бөлік бойынша 28 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Баяндамашы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді жоспарды іске асыруға байланысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

    Ол жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықпен тиімді кері байланыс орнату болып табылатындығына айрықша көңіл бөлді. Соңғы уақытта «Адалдық аланы» жобалық кеңсесінің жұмысында оң тәжірибе жинақталғандығын, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру керектігі айтылды.

    Басқосуда «Жамбыл – адалдық аланы» жобалық кеңсесінің жұмысы мен перспективалық бағыттары туралы аталған жобаның жетекшісі Назима Жувандыкова баяндады.

    Жиынды қорытындылай келе Бердібек Сапарбаев ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептерін егжей-тегжейлі талдау және нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі, кешенді шаралар қажет. Аймақ басшысының айтуынша, бұл істе өз қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкасы бойынша түзетулер енгізілген заңнама айрықша негізге алынуы тиіс.

    Жергілікті атқарушы органдар халық үшін ашық және қолжетімді болуға міндетті. Осыған байланысты, аудандық әкімдіктерге 1 шілдеге дейін Тараз қаласы, Меркі және Талас аудандарының әкімдіктері сияқты сервистік режимге көшу тапсырмасы жүктелді.

    Бердібек Сапарбаев жемқорлық сыбайлас жемқорлық

    Оқылып жатыр

    Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

    16.04.2026

    Мейрамбек Бесбаев жас әншіге көлік сыйлады

    09.04.2026

    Таразда 5-қабаттан секіріп кеткен ер адам көз жұмды

    08.04.2026

    Атыраудағы BINOM мектебінің маңында оқушы қызды көлік қағып кетті

    06.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026

    Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

    17.04.2026

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

    16.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.