235 мыңнан аса жамбылдық 42500 теңгенің жәрдемақысын алды

0

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған 235 мыңнан астам облыс тұрғыны әлеуметтік төлемге қол жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданды.

Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы – 21 019, Мойынқұм ауданы – 5 076, Сарысу ауданы – 6 851, Талас ауданы – 8 294, Т.Рысқұлов ауданы – 14 281 және Шу ауданы бойынша 21 875 адам.

Аталған жәрдемақыға түсіп жатқан өзге де өтініштер төтенше жағдай біткенше қарала бермек.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті. Сонымен қатар, тағайындау шарттары жеңілдетілді», – деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

«Бұрын айына 42000 теңге әлеуметтік төлем алушылар қатарына жаңа категория қосылды. Бұлар азаматтық-құқықтық келісім шарттар бойынша табыс алатын, «жұмыстарды орындау» немесе «қызмет көрсету» сипатындағы салық агенттіктері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген қызметкерлер», – деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, төлемдер қазір карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлерге байланысты.

Сонымен қатар, төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі жойылды.

Енді әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жұмыс берушілер өтініш берілген тек қызметкерлердің тізімі беріледі. Жеке және жеке меншік кәсіпкерлер – жеке мәліметтерді көрсетілген өтініш береді.

«Сондай-ақ, жұмыс берушіні күтпей-ақ, жұмысшы өзі өтініш бере алады. Сонымен бірге, барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактілерінің дұрыстығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады», – деді Абаев.

Өтініш электронды түрде, электрондық үкімет порталындағы «Өтініштер» қызметі арқылы беріледі.

Сонымен қатар, жәрдемақыға мұқтаж адамдар үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзімі қысқарды.

«Егер қызметкерге соңғы 12 айда кемінде бір рет әлеуметтік жарналар төленген болса, бұл жеткілікті» (бұрын бұл мерзім 3 айды құрады – Stan.kz).

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініштерді қарау мерзімі 3 күнді құрайды.

Еске салайық, кірісін жоғалтқан азаматтар (мысалы, жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілгендер) төлемге сене алады. Төлем тек төтенше жағдай кезінде ғана тағайындалады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.