Жамбыл облысында 1300 шақырымнан астам автожол жөндеуден өтеді

0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолдарды жөндеу және жылыту маусымының қорытындысына қатысты жайттар сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы экономиканы дамыту үшін жол желісінің маңыздылығын айрықша атап өтіп, ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы және Алматыға баратын республикалық жолының нашар жағдайына назар аударды.

– Жолдардың нашарлығымеғн қатар айналасы қоқысқа толы, – деп атап өтті облыс әкімі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, 122 жоба жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Сондай-ақ, 84 жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы, 845 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асуы жоспарланған және 96 жоба Қордай ауданының көшелерін орташа жөндеуге бағытталған. 74 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталса, 22 нысанда өндірістік жұмыстар басталған.

Бөлінген қаржы есебінен 1334,6 км жолға жөндеу жүргізу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, 1310,5 км жол орташа жөндеуден өтеді десек, оның ішінде 180,5 км облыстық, 136,5 км аудандық маңызы бар автожолдар және 1017 км елді мекендердің көшелері. Сондай-ақ, 6,1 км жолды қайта жаңғырту және 18 км жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі көшелерді салу көзделген.

Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі екі есеге артады. Өткен жылы 602 км жол автожол жөнделген.

– Барлық аудан әкімдері өз аумағында орналасқан асфальтбетонды зауыттармен келісім-шарт жасасып, жөндеуді қажет ететін жолдар тізімін, қажетті материалдардың көлемін жасауы қажет. Жол активтерінің сапа орталығы, техникалық қадағалау органдары өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше орындап отырған жоқ.

Сапасыз асфальттің салдарынан жолдардың жағдайы көңіл көңшітпейді. Сондай-ақ, көлік инспекциясы үлкен жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейтуі керек, – деп тапсырды облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев қоғамдық көліктерді газға көшіру жөніндегі жұмыстардың әлсіздігін алға тартып, ол Тараз қаласының экологиясына және оның тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, электрондық билеттендіруді енгізу шараларын жандандыру талап етті.

Жеке автопарктердің иелері өз шығындарын бюджетке аударуға тырысады, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру үшін олардың шығыстарын мұқият есептеу қажет.  Әлі күнге тұрғындар кіші және ескі автобустардың қолайсыздықтарын  сезініп келеді.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының директоры Өмірзақ Ерембаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Мерке-Бурылбайтал республикалық автожолының бір бағыты бойынша құрылысы аяқталмақ. Жол толығымен 2022 жылы  тапсырылуы тиіс.

– Ұзындығы 266 шақырым жол салу үшін бес жыл деген өте  ұзақ мерзім. Бұл жолды 2021 жылы аяқтау керек. Ең бастысы –құрылыс барысында қаржыны уақытылы игеру, жоғары сапаға мән беру, жергілікті материалдарды пайдалану, жұмыс орындарын құру және жұмысшылардың жалақысын  кідіріссіз төлеп отыру, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Жиында облыс орталығындағы жолдар жайы да назарға алынып, Бердібек Сапарбаев бірінші кезекте Абай мен Қойгелді көшелерін ретке келтіруді тапсырды.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, Абай көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін, Қойгелді көшесіндегі  жұмыстар 20 мамырға дейін аяқталмақ.

Сондай-ақ, ол тараздықтарға ыстық су шілде айына дейін беріліп, одан кейін келесі жылыту маусымына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар басталатындығын жеткізді.

Басқосуда 15 мың теңге мөлшерінде халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жеті санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтердің шығындарын төлеу тетіктері пысықталып жатқандығы айтылды.

Бердібек Сапарбаев коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарызды 1,6 миллиард теңге көлемінде қысқарту бойынша қажетті шаралар қабылдау, «Таразэнергоцентр» және «Жамбыл жылу» жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдері келесі жылыту маусымына дайындық  барысында өткен жылғы қателіктерді ескеру, бюджеттік ұйымдар жүктемесін төмендету, жылуды есептеу құралдарын орнатуды жандандыру қажеттігіне көңіл бөлінді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.