Таразда 33 ардагерге бір миллион теңгенің сертификаты табысталды

0

Ардагерді мерекесімен құттықтады Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Муталип атаны Тараз қаласының әкімі төл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жауынгер ардагерлерді төл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды.

Мұндай құрметке бөленген жандардың бірі — Ұлы Отан соғысына қатысушы Ережепбай Муталип. Тоқсан беске аяқ басқан қарияға қала әкімі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан мерекелік ыстық лебізін білдіріп, лайықты құрмет көрсетті. Бүгінде қалада 33 ҰОС ардагері бар. Бұлардың әрқайсына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты, мерекелік сыйлықтар табысталды.

«Талас ауданынан 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатыстым. Елге оралған соң аудандық «Ленин жолы» газетінде алғаш жауапты хатшы, редактор болып қызмет атқардым. Талас ауданының Құрметті азаматымын. «Атақоныс», «Өлеңім –өмірім» т.б. кітаптарым жарық көрді. Ауданның,облыстың даму мен гүлденуіне кезінде өз үлесімді қостым», — деген ардагер жиналғандарға өзінің шығарған өлеңін оқып берді. Өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын айтып, авторлық кітабын қала әкіміне ұсынды.

Сондай-ақ, Тараз қалалық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері № 4 аумақтық округ тұрғындары ғасыр жасаған ана Е.Пономаренкоға, тыл еңбеккерлері А.Мадикеновке, В.Локшинаға, А.Марченкоға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс ету жоспарланған. Тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен ерекше табандылығы, маңдай терінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді атап өткен қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлерге денсаулық, ашық аспан тіледі.

Баршаға белгілі, соғысқа барлығы 1 366 000 қазақстандық қатысты. Солардың ішінде хабар-ошарсыз кеткендер саны 271 503 жауынгер мен офицерлер. Майданға аттанып, жоғалып кеткен жауынгерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін әкесі, атасы және арғы аталары жайлы аз ғана болса да хабар күтіп, үмітін үзбеген.

Дүние жүзінде, әсіресе, батыста Отан соғысында Совет елдерінің жеңіске қосқан үлесін жоққа шығарғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Аталарымыз сол кезде отанын қорғауға кеткен. Олар өздерінің азаматтық борыштарын өтеді. Қаншама отбасы әкесіз қалды, ұлдары үйлеріне оралмады. Тарихын ұмытқан елдің келешегі болмайды. Қазір рухани жаңғыру бағдарламасы бар. Рухани жаңғыруды осыдан бастауымыз қажет. Отан соғысына кеткен барлық аталарымызды есімізге алып, рухына тағзым көрсетуіміз керек. Жеңісті тойлау міндетті емес. Бастысы миллиондаған адамдардың қаны төгілген сұмдық замандар елімізде, бүкіл дүние жүзінде енді қайталанбасын деп тілеуміз қажет. Бабаларымыздың басынан небір қиын-қыстау күндер өткенін ұмытпауымыз керек. Челлендждің негізгі мақсаты – әкелерімізді, аталарымызды, үлкен аталарымызды есімізге алып, оларға ризашылық білдіру.

Басында идеяны қолдаған құрылтайшылармен бірге ақылдасып, адамдар соғыстан келген хаттарды оқыса деп ойладық. Көп отбасында кезінде жауынгер аталары жазған хаттар сақтаулы. Алайда біз бұл ойды кішкене кеңейттік. Бірінші – хаттарды оқу. Екінші – аталары туралы 2-3 минуттық видео түсіру. Соғыстан оралған аталары туралы, тылда қызмет еткен жесір аналар, ұлдары соғыстан оралмаған ана-әжелер мен олардың жеңіске қандай үлес қосқандығына шолу жасау. Соңғы мақсатымыз – қазіргі үлкендер мен жас буын сол кезде ерлік көрсеткен батыр ата-бабаларымызға ризашылығын білдіру.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.