Балаларды қуантудан асқан бақыт болмас, сірә

0

Әсілінде, балаларды қуантудан, олсрдың шаттық-күлкісінен асқан бақыт болмас, сірә. Бірінші маусым Балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы 4 нысанға бас сұғып, жастармен жүздесіп, балаларды қуантты.

1. Алдымен аймақ басшысы жастармен «Birgemiz: Asyl mura»  орталығында кездесті, онда олар ерікті болудың қыр-сырын үйренбек.

Жастар бастамаларының орталығында еріктілердің жұмысын үйлестіруге арналған алаң бар,  фронт-офис жұмыс істейді, онда жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша кеңестер беру жұмыстары жүргізілуде. Орталықта 60 адамға арналған бөлме (кабинет), кинозал, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану орны және жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Кездесу барысында облыс әкімі карантин кезінде «Біз біргеміз» ұранымен мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуге атсалысқан  еріктілерге алғысын білдірді.

2. Инклюзивті балалар ойын алаңшасы

«Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен құрылысы жүргізілген. Инклюзивтік ойын алаңшасының бірегейлігі-оның барлық компоненттері әмбебап дизайнды және отандық өндіруші кедергісіз орта талаптарын ескере отырып арнайы әзірленген. Жаңа алаңның ойын элементтері – карусель, құмсалғыш, төбешік, интерактивті панельдер көптеген басқа элементтер барлық балаларға қызықты ойнау үшін жобаланған.

Инклюзивті алаңы балалардың бірге белсенді уақыт өткізіп, олардың дамуына оң үлесін тигізеді. Ойын алаңы қаланың ашық аумағында орналасқан. Бұл қала тұрғындарының, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпыға қолжетімді орында бос уақыттарын өткізуге мүмкіндік береді. Бұл алаң даму ерекшеліктерімен балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, қалалық инфрақұрылымды жайластыру үлгісі бола алады.

3. Тараз қаласы, «Қаратау» (2), шағын ауданындағы балалар ойыны алаңы және спорттық кешені  

Алаңдарды «Менің Елім» бағдарламасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орнатты. Әмбебап алаңдарды орнатудағы мақсат – халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.Ашылған алаңдар тұрғындарға, әсіресе жас ұрпаққа, өз әлеуетін іске асыруға және жаңа биіктерді бағындыруға серпін береді.

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 психологиялық-педагогикалық түзету орталығы.

 «ДАРА» қайырымдылық қорының «Қазақстанда әралуан, бірақ тең инклюзивті қоғам құру!» жобасы аясында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету мақсатында «Дара» қайырымдылық қорының демеушілігімен ағымды жөндеуден өткізіліп, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашуға бейімделіп,  қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Кабинеттерде дефектолог, логопед мұғалімдері, педагог-психолог мамандары, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, ЕДШ нұсқаушысы, медбике-массажист, әдіскер мамандары қызмет етеді.

Алдағы уақытта «Жайлау» (3), «Салтанат» (4), «Талас» (6), «Самал» (7), «Алатау» (8) шағын аудандарында тұратын, қазіргі уақытта №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барып жүрген 150 балаға қызмет көрсетілетін болады. 

Сонымен қатар, Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды. Жаңа нысандар Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында, Қордай ауданының Масаншы ауылында және Тараз қаласындағы Қаратау-2 шағын ауданында пайдалануға берілді. Спорт алаңдарының жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырған.

Жаңа спорттық және ойын кешендері бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтсақ, жасанды көгалы бар 30 көрерменге арналған футбол, «workout» және балаларға арналған құм-төбешік, әткеншегі бар ойын алаңдарымен қамтылған. Алаңның периметрі бойынша қоқыс салатын орындықтар мен урналар орнатылған. Мұндай бір кешеннің аумағы 1300 шаршы метрді құрайды.

Тараздағы алаңның салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

«Мемлекет басшысы елімізде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Ол үшін халыққа спорттық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің облыста спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Ағымдағы жылы спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы біз оларды жағымсыз әдеттерден сақтай аламыз. Дені сау балалар – біздің болашағымыз! – деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, жаңа нысандарды салу орындарын Жамбыл облысының әкімдігі және «Samruk-Kazyna Trust» қорының жергілікті азаматтық қоғаммен бірлесіп анықтаған. Жамбыл облысының әкімдігі тиісті аумақты ұсынған десек, «Samruk-Kazyna Trust» қоры алаңдардың толық орнатылуын қамтамасыз еткен. Енді олардың күтіп ұсталуы мен қызметін қамтамасыз ету үшін нысандар жергілікті атқарушы органдардың балансына берілмек.

– Бұл алаңдар балаларға да, ересектерге де қол жетімді, оларға кіру тегін. Нысандар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, қалалар мен аудандардың тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында салынды, – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Иргебаев Мирас.
Әкімдік пен жоба ұйымдастырушылары жергілікті тұрғындарды алаңдарға ұқыпты қарауға, құрылымдарды бұзбауға және аумақты қоқысқа толтырмауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, әмбебап алаңдарды орнату жобасын «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. «Менің елім» бағдарламасының жобалары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және өңірлердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба іске қосылған сәттен бастап бүкіл ел бойынша 130-дан астам әмбебап спорт және ойын алаңдары ашылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.