«Қайқармет» базарының сатушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Бүгін «Қайқармет» базарының алдында жиналған сатушыларға Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Сейсебаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған базарда қаланың аумақтық округтерінде құрылған мониторинг тобының мүшелері (әкімдік, полиция қызметі, Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарамасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары) зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде дене температурасын өлшеуге арналған құралдың (тепловизор) болмауына орай 1 күн мерзім ішінде аталған кемшілікті қалпына келтіру ұсынылды.

2020 жылы 3 маусым күні сағат 9.00-де аталған жерде мониторинг тобының мүшелері қайта зерделеп, аталған кемшілік жойылған жағдайда тисіті нысанның дайындық актісін береді. Соған сәйкес аталған базар жұмысқа қосылатын болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.