Көсемәлі Сәттібайұлымен онлайн сұқбат өтті

0

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өмірін шығармашылыққа арнаған жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлымен «Сөз майданының сардары» атты онлайн сұхбат өтті.

Сұхбат барысында Көсемәлі Сәттібайұлы бала арманының жетектеп алып қала Алматыға апарғанын, Ұлттық университетте қазақтың ұлы ұстаздарының дәріс алғанын, алғаш қызмет жолын аудандық газеттен бастағанына тоқталды.

Журналистикада жүрген жылдарын, оның ішінде Шыңғыс Айтматов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов тағы да басқа алып тұлғалармен болған сұхбатын, мақала жазудағы үлкен ізденістерін, жазуға адалдық, өмірдегі тәжірибесімен бөлісті.

Отбасы жылулығы, құндылығы, бала тәрбиесі төңірегінде келелі ой қозғап, ел намысын қорғап жүрген боксшы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Олжастың Әлем чемпионы, Азия чемпионы және Азияның қола жүлдегері екенін айтып, ұлының жетістіктерімен мақтанатынын, ол жарысқа кеткен сәттегі әкелік қобалжу, ұйқысыз түндер, жүрекке түскен салмақ жайлы толқып отырып әңгімеледі.

Сонымен бірге оқырмандардан келген сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Эфирдегі әңгіменің өзектілігі оқырмандарды баулап алып, аз уақыттың ішінде 4 мыңнан астам адам қамтылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.