Таразда мұқтаждарға кезекті азық-түлік табысталды

0

«Қайырымдылық – жүректен» акциясы аясында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан кезекті мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды.⠀⠀
⠀⠀
Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады.

О баста жеті күнге жоспарланған бұл қайырымдылық шарасы тараздық кәсіпкерлердің жанашырлығы мен жомарттығының арқасында әлі де жалғасып келеді. 24 шілде күні басталған аталмыш шара шеңберінде күні бүгінге дейін 1000-нан астам жанұя арнайы пакетпен қамтылды.⠀⠀
⠀⠀
Айта кету керек, азық-түлік пакеті табысталған отбасылар Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қалалық әкімдікке бір реттік көмек алу үшін өтініш жолдағандар тізімі арқылы анықталып отыр. Бұл әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы немесе мүгедек бала бар отбасылар болып табылады.

Қамқорлық пен мейірімділікке негізделген «Қайырымдылық – жүректен» акциясы карантин аяқталғанға дейін жалғасатын болады.⠀⠀
⠀⠀

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.