Мектепке жол Заманауи планшеттер үлестірді

0


Қамқорлықты қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетуді көздейтін «Балаларды мектепке даярлаймыз» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Жамбыл ауданы баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында іске қосылған бұл акцияға жаны жомарт, мейірімді азаматтар белсене атсалысуда. Жақында осындай игі іске куә болдық. Дәлірек айтқанда, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымовтың бастамасымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Досжан Тоқбергенов, аудандық мәслихат депутаттары Индира Тоғанбаева, Нұрсұлтан Сматов, Бегалы Ералиев, Нуритдин Бегманов, Рамазан Аширов, Данияр Жузанов, Талап Әбдібеков ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына онлайн-қашықтықтан оқуға қажетті құрылғы, яғни, заманауи планшеттер алып берді.

Қиын шақта балаларға қуаныш сыйлаған демеушілер қазіргі уақытқа нағыз керек дүниені балалардың қолына өздері табыстап, жылы лебіздерін арнады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.