Қалада қылмыс саны азайған

0

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 2873 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 35,2%-ға төмендеген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ал былтыр бір жыл ішінде 4437 қылмыс дерегі тіркелген болатын.

Айта кету керек, биыл тонау, есірткі қылмысы, қарақшылық және ұрлық қылмыстары едәуір төмендеген. Алайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 92,8%, қасақана өлтіру 100%-ға өсіп отыр. Мұндай қылмыстардың ашылуы былтыр 64,9%, биыл  81,5%-ға төмендеген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.