Жамбыл облысында Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік бойынша сот процесі өтуде

0

2020 жылғы 8 желтоқсанда сот ағымдағы жылдың ақпан айында Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын бастады.
Айыптаушылардың сауалнамалық деректері, әрбір сотталушының тағылған айып бойынша ұстанымы анықталды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жаппай тәртіпсіздікке шақыруымен байланысты эпизод қарастырылды, сондай-ақ жәбірленуші М.Дывтың мүлкін ұрлау фактісі бойынша эпизодты қарау басталды.

Осы эпизодтар бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындап, айғақтар берді.

Сот тарапынан процеске қатысушылардың аудармашылармен қамтамасыз ету, сотталушылардың туыстарын қосымша қорғаушы ретінде тану туралы өтініштеріне рұқсат берілді.
Сот талқылауы жалғасуда, дәлелдемелерді зерттеу процесі жүріп жатыр.

Сот отырысы айыптаушылармен мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық форматта өтуде. Сот процесінің ашықтығы, сот қорғауына қолжетімділік және процеске қатысушылардың жарыспалылыққа құқықтарын іске асыруы қамтамасыз етілді.

Айыптаушылардың туыстары үшін жеке залдар, ал БАҚ өкілдері үшін №2 қалалық сот ғимаратында процесс тікелей трансляцияланатын зал жабдықталған.

Сот процестері 11 желтоқсанға дейін жалғасады, ағымдағы жылдың 14-20 желтоқсаны аралығында үзіліс жариялау жоспарлануда.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.