Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі

0

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің қатысуымен «Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі» атты Тәуелсіздік дастарханы өтті.

Іс-шара басталмас бұрын кітапхана қызметкерлері «Желтоқсан желі» әнін шырқап, келген қонақтарды қарсы алды. Тәуелсіздік дастарханында Желтоқсан құрбандарына құран оқылды.
Тәуелсіздік дастарханына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Құттыбаева, қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлері қатысты.
Шара Желтоқсан оқиғасының куәгері, «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің онлайн сұхбат беруімен жалғасты.1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматының алаңындағы адам төзгісіз жағдайды ауыр күрсініспен еске алып, сол жылдары зардап шеккен азаматтардың әлі де ақталып жатқанын, Желтоқсанда алаңға барған әр жастың ойында азаттыққа деген құлшыныс бар екенін әңгімеледі.

Арада жылдар өтсе де Желтоқсан оқиғасы туралы көптеген деректер мен дәйектерге қол жетпей келе жатқанын да қынжыла жеткізді.
Мылтықсыз майданның жауынгерлері Желтоқсаншылардың ерлігі ұмытылмайтынын айтып, бүгінгі күннің батырлары өзі қызмет етіп жүрген, денсаулық саласы мамандарының абыройлы жұмыстарына тоқталды. Әлемді дүрліктірген ауыр індет кезінде әріптестерінің жанкешті ерліктерін айтып, «Бір біргеміз» монументінің тұрғызылғаны -ерлікке қойылған алып ескерткіш екеніне тоқталды.
Кітапхана ұжымына алғысын айтып, елімізге тыныштық тіледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.