Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды

0

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

Майғазиевтың жазуынша, ол бұл қызметке Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен тағайындалған.

Әнші бұған дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарған болатын.

45 жастағы Майғазиев Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің түлегі. Ол – 2001 жылдан бері Қазақстанға танымал «МузАрт» тобының мүшесі.

Майғазиев қазақ эстрадасында жеке орындаушы ретінде де танымал.
Әнші Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.