Шу ауданынының ауылдарында «Астана» күні мерекелік концерт өтті

0

Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем де арман қала – Астана гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын!Шу аудандық мәдениет үйінің Астана күніне орай ұйымдастырылған онлайн концертінің бейне түсірілімін назарларыңызға ұсынамыз.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінде 6 шілде Елорда күніне арналған «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты сазды бағдарлама өткізілді.Мақсаты: Туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, Отанға қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Жайна жасай бер-Астана!» атты онлайн сазды бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.Сазды бағдарламаға ауыл тұрғыны Н.Төлбаева «Жаңа арқа» және Т.Сағындық «Астана» әндерін шырқады.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Жаңа жол ауылдық клубыныңұйымдастыруымен Елордамыз Нұр-Сұлтанның туған күніне орай «Еңсесі биік Елорда-татулықтың ордасы» атты онлайн сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен «6 шілде Елорда күніне орай, » Жасай бер , жайнай бер – Елорда Нұр – Сұлтан ! » атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Мақсаты: Отанымыздың жүрегі бас қаламызды жаңа заманда бүгінгі өмірдің талабымен үндесе қалыптасып, келе жатқан көркем қаламызды жас ұрпақтарға паш ету. «Нұр – Сұлтан » қала күні мерекесін атап өту. Жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты қалалық мәдениет үйінде 6 шілде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған «Ел жүрегі – Нұр – Сұлтан» атты онлайн сазды бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: : Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына деген жастардың сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің вокал әртісі- Ануар Досугулов жүргізсе, мәдениет үйінің әншілері Мерей Жадыра «Елімнің жүрегі сен – Астана» және Нұржан Амангелді «Туған жер» әндерін шырқады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.