Оқушылар арасында республикалық байқауда өтінім бойынша Жамбыл облысы көш бастады

0

“Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді.

Осы шараның басы қасында жүрген Исламбек Дастанның айтуынша, аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуды басты міндетке айналдыруымыз қажет.

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта байқау жайлы әлеуметтік желіде танымал тұлғалар және көпшілік көп отыратын топтарда айтылып жатыр.

Мысалы, Жұлдызай Дүйсенбиева таяуда Instagram парақшасында сториз жариялады.

КТК ойындарының майталманы, танымал әзілкеш Ардақ Ермеков осы байқау туралы пост жазып, Instagram желісінде бөлісті. Оны қолдаған танымал әнші Нұрлан Еспанов постты сторизде бөлісті.

Facebook желісінде де бірнеше топта осы байқау туралы мағлұматтар жарияланды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.