Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асып жатыр?

0

Меркі ауданы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 айында 10945,6 млн. теңгені, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 87,4 пайызды құрады.

2021 жылдың  қазанына аудан бюджетінің меншікті кірістер бойынша бюджетке 1 млрд 892,4 млн. теңге түсті, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  510,7 млн.теңге бюджетке артығымен түсті.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 106,8 млн. теңгені құрайтын 21 жобаға қолдау көрсетілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша
113,0 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға қолдау көрсетілді.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында жобалық құны 257,0 млн. теңгені құрайтын «МЕРАГРО» ЖШС-нің  «Меркі ауданында ұн тарту өндірісі» жобасы кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілді. Сонымен қатар, «Бахор» ШҚ-ның «Тауарлы сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу» жобасы бойынша құжаттары кәсіпкерлік басқармасына ұсынылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.