Ауданда көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

0

«Ауыл Ел Бесігі” бағдарламасы аясында Меркі ауданындағы Орталық кітапхананы, Жамбыл ауылына қарасты Жауғаш батыр көшесін, Сарымолдаев ауылына қарасты Садовая көшесін және Ойтал ауылына қарасты Мамыр көшелерін газбен қамтуға 257 млн 533 мың тг келісім шарт жасалған. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары аяқталды.

Андас Батыр ауылында 10 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) салу» жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жұмыстың жалпы 90 пайызы орындалды.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 60 адамға кезек бойынша жер телімі беріледі.

Сарымолдаев ауылындағы 21 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) салу» электр жүйесі мен көше жолдары жұмыстары аяқталғаннан кейін 110 адамға кезек бойынша жер телімін беруді жоспарлап отырмыз.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.